Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы сыр берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақын қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ақпаратты Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ растады.
Оның сөзінше, 84 жастағы ақын біршама уақыттан бері ауруханада емделіп жатыр. Ал жақында жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған.
“Халқымыздың қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қазақ емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз. Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!” – деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Мұхтар Шахановтың келіні ақынның Конституцияны қолдаған видеосына қатысты мәлімдеме жасады
ОқыңызАйта кетейік, былтыр қарашада ақынның ұлы Қуаныш Мұхтарұлы дүниеден озды. Ал 2021 жылы Мұхтар Шахановтың тағы бір ұлы Рауан Шаханов өмірден өткен еді.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр