Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылмандардың доңыз етін жемеуінің 8 себебі

Кейбіреулер үшін жауабы айтпаса да анық, себебі дінмен тыйым салынған. Десе де діни тыйымның түп астарында не жатыр, неліктен доңыз етін жеуге болмайды және неге әлемдік діндер доңыз етіне тыйым салады?

svin1710

Түсіне білген адамға күллі ғаламды жаратқан Жаратушының әр тыйымының астарында өзіміз үшін ізгі дүниенің, үлкен даналықтың жатқаны белгілі.

1. Құрандағы тыйым

Қасиетті Құранда доңыз етін тағамдық мақсатта қолданбау жайлы шамамен бірдей, мағыналас мәтінмен 4 рет кездеседі.

«(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шықпай шарасыз қалса, (жеуіне болады.) Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» (Құран, Әнғам сүресі, 145-аят).

2. Доңыз – лас жануар.

Бағзы замандардан бері доңызға лас жануар ретінде қараған. Себебі олар өз нәжісімен, қоқыспен қоректеніп, көбіне өз баласын да шайнап тастайды. Сонымен қатар доңыз – діни рәсімдерге де жарамсыз.

3. Доңыз еті адам етіне ұқсайды.

Құрылымы бойынша адам еті мен доңыз еті өте ұқсас. Екеуінің арасында анатомиялық, биохимиялық ұқсас көрсеткіштер бар. Оған қоса медицина тұрғысынан доңыз етіне қарсы пікірлер қатары да аз емес.

4. Ортақ аурулар.

Адамдар сырқаттанатын аурулармен ауруға доңыздар да бейім. Ал олардың денесінде тіршілік ететін кейбір зиянды микроағзалар ыстықтың әсерінде де тіршілігін жоймайды.

5. Доңыздар жиі ауырады.

Доңыздар жиі ауырады. Сондықтан еттің сау не ауру доңызға тиесілі екеніне ешқашан сенімді бола алмайсыз. Ал ата дінімізде белгілі болғандай, ауру жануарлардың етін жеуге тыйым салынған.

Доңыздар өлімге душар ететін қауіпті дерттер тасымалдаушы ретінде белгілі. Олардың ең танымалы – АҚШ, Мексика, Оңтүстік Америка, Еуропа, Кения, құрлықтық Қытай, Тайвань, Жапония және Азияның басқа да мемлекеттеріндегі үй жануарлары арасында тараған «доңыз тұмауы». Вирус жиі мутациға ұшырайды және адамдар мен құстар үшін қауіпті.

Тағы бір қауіпті дерт түрі бүгінде Шығыс Еуропа мен Ресейге қауіп төндіруде. «Доңыздың африкалық обасы» вирусы Молдовадан, сонымен қатар Ресей Федерациясының Татарстан, Чувашия сынды өңірлерінен табылған. Қазан айында Татарстан Республикасының Нұрлат ауданынан індет ошағы табылғаннан кейін, жеке шаруашылықтардағы 500-ге жуық доңыз өлтіріліп, өртелді.

Сонымен қатар доңыздардың жапондық энцефалит тасымалдаушысы екені мәлім болды. Батпақты жерлерде масалар вирусты доңыздардан адамдарға тасымалдап, жұқтырады. Қазан айының басында NDTV арнасы хабарлағандай, Үндістанның оңтүстігіндегі Орисса штатында жапондық энцефалиттен 20-дан астам адам көз жұмған.

6. Доңыз еті семіздікке, жүрекке байланысты қиындықтарға алып келеді.

Егер күйзеліс жағдайында доңыз етімен ауқаттансаңыз, ол семіздікке алып соқтырады. Ал аталған еттің жоғары улылығы себепті жүрекке байланысты қиындықтар туындайды.

7. «Доңыздар – Құдай жануарларға айналдырған адамдар»

Доңызбен ауқаттануға байланысты бірнеше аңыз бар. Олардың бірінде доңыздың Құдайдың қарғысына ұшыраған адам екені, сондықтан оны жеу үлкен күнә саналатыны сөз болады. Бұл аңызға ұқсас екінші аңызда Құдай қызды доңызға айналдырып, қайта түрлендіру ғаламатын көрсеткен. Сол уақыттан бері доңызды жануарға айналған адам деп қабылдаған адамдар доңыз етін жеуден қауіптенеді. Шындығында, мұндай аңыздар ертегі аясынан шыға алмайды. Сондықтан дінмен өмір сүретін адам үшін оларға сену – үлкен күнә.

8. Құран сүрелерінің бірінде бұзақылардың Алланың қарғысына ұшырап, Жаратушының оларды маймыл мен доңызға айналдырғаны айтылған.

«(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Әй кітап иелері! Бізді Аллаға әрі өзімізге түсірілгенге және бұрынғы түсірілгенге иман келтіргендігіміз үшін ғана қоштамайсыңдар ма? Шынында көбің бұзақысыңдар».

«(Оларға) айт: “Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба?” Алла біреуді қарғап оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар, тағы пұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман және тура жолдан мүлде адасқандар» (Құран, Мәида сүресі, 59,60-аяттар).

Талқылау