Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман қауымдастығының белді көшбасшысын Ресей президентіне тіл тигізгені үшін соттады

Бүгін №2 сот Санат Досовқа қатысты істі қарады. Ақтөбенің үздік кәсіпкері мен “Ихтияр” мұсылман қоғамдық бірлестігінің басшысы әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін айыпты деп танылды.

6555

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Санат Досов алғаш рет көпшілікке 2003 жылы кеңінен танылды. Ол БҚО-да жиһаз өндірісі бойынша үздік кәсіпкер деп танылған болатын. Ал 2005 жылы қажылыққа барып келгеннен кейін аталмыш ұйымды құрды.

Сот айыбы бойынша, Досов 2014 жылдың маусымынан 2016 жылдың наурызына дейін өзінің Фейсбуктегі парақшасында экстремистік мағынадағы, әлеуметтік араздықты қоздыратын материалдар жариялаған. “Ресей президенті Владимир Путин елді бүлдірді!”, “Орыстар фашизмді өз жеріңде тоқтат” деген жазбалар қалдырған.

Бүгін судья Алданов Досовты кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда Досовтың қорғаушысы қайта шағым түсірмек.

“Билік өкілдері әлеуметтік топқа жатпайды. РФ президенті әлеуметтік топ мүшесі емес. Демек Досов әлеуметтік араздықты қоздырмады, тек РФ президентінің саясаты туралы сөз қозғады. Мұндай іс бойынша сараптаманы заңгерлер емес, филологтар, психологтар, саясаткерлер жүргізеді. Мысалы, сарапшы Байсалбаев болса Досовтың нақты қандай әлеуметтік араздықты қоздырғанын айта алмады,” – дейді қорғаушы Дархан Мырзабеков.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында жас жігіт «лайк» басамын деп темір тордан бір-ақ шықты

9 жасар қыз елден қуылған ата-анасын Қазақстанға қайтарды

Әкесінің ізімен полиция қызметіне барған ер адам тәртіп бұзушыны қуу кезінде қаза болды

Көкшетауда полицейді әріптесін өлтірді деп айыптады

Талқылау