Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мусин білім беру платформаларының бәсекелестігі туралы айтты

Сенатта "Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласындағы цифрландыру: жай-күйі, қолжетімділігі және қауіпсіздігі" тақырыбында үкімет сағаты өтті. Онда елдегі цифрландырудың қазіргі жағдайы, интернетпен қамтамасыз ету және аймақтардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин интернет платформалардың жұмысына қатысты ақпарат берді. 

"Коронавирустық пандемия кезінде білім беру мекемелері қашықтан оқытудың қиын жағдайларын қабылдауға мәжбүр. Бірақ бұл мәселе бәсекелестік арасында шешілуі тиіс. Білім беру министрлігі осындай шешімге келді және біз оны қолдаймыз. Бәсекелестік түрде қазіргі кезде 13 платформа жұмыс істеп келе жатыр. Жалпы, солардың арасындағы бәсекелестік шешеді. Қайсысы нарықта жақсы қызмет көрсетсе, сол платформалардың қызметін оқушыларға дейін жеткіземіз", - деді министр цифрландыру тақырыбы бойынша cенатта өткен үкімет сағатында.

Оған қоса, Мусин интернеттің не себепті әлсіз екенін айтты.

"Неге интернет әлсіз? Бұған қатысты бірнеше себеп бар. Біріншіден, бізде интернет сапасы бойынша қатаң заңнамалық талаптар жоқ. Екіншіден, телекоммуникация желісінің 90 пайызы радиорелелік желіде және әуе байланыс арналары бойынша салынған", - деді Бағдат Мусин.


 

STAN.KZ
Жұма, 16 Қазан, 2020 13:30
Талқылау