Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұса Жексембин: Журналист болған әнші көп, бірақ әнші болған журналист мен ғана

Жүргізуші болып кеткен әншілер көп қазір, бірақ әнші болып кеткен журналист кемде-кем. Ал оның ішінде опералық әнші атану мүлдем жоқты қасы. Мұса Жексембин Stan.kz сайтына сұхбат беріп, журналистика факультетінде оқып жүріп, консарваторияға қалай түскенін, Абай атындағы Опера және балет театрында әншілік жолын қалай бастағанын айтып берді.

-Мұса, журналистика факультетінде оқып жүріп, қалайша опера әншісі атанып кеттіңіз?

-Мен журналистика факультетінде екінші курста оқып жүргенде, КазГУ-дың студенттік хорына набор болып жатыр екен, соған іріктеліп, құрамына ендім.

-Бірақ бала кезден ән айтасыз ғой?

-Иә, бала кезден ғой, үлкен деңгейде шығып ән айтпасам да, мектептегі шараларға, басқасына қатысатынмын.

-Бойыңыздағы өнер ата-анаңыздан дарыған болуы керек?

-Иә, менің нағашылар жағым өнерге, әнге бейім. Өзімнің нағашы атам табиғатынан дауысы күшті болған екен, еш жерде оқымаған. Өзі домбыра тартып үйренген. Кезінде ауылда ән айтып жүргенінін естігенде Алматыдан келген бір кісі атамды оқуға шақырыпты. Мына дауысыңмен, Қалдыбай, Алматыға оқуға кел деп. Бірақ атам жетім өскеннен кейін туған жерімнен кеткім келмейді деп бармапты. Кейін енді соғыс болды, соғыстан кейін тірі қайтсам оқимын деп ойлаған. Бірақ соғыстан қолсыз қайтып, бармай қалған. Ол өнері мамама берілген. Мамамның арнайы білімі жоқ, негізгі мамандығы математик, бірақ Абайдың әндерін, халық әндерін осы анам арқылы үйрендім.

-Сосын журфакты бітірдіңіз..

-Журфакты бітірмей тұрып мен консерваторияға түстім. Үш курсты бітірдім де, екі жақта оқып жүрдім.

-Олай бола ма?

-Негізі болмайды, бірақ мен консерваторияға барып, осылай-осылай деп жағдайымды түсіндірдім. КазГУ-да оқимын, бірақ дайындалдым бір жыл, тыңдап көрңіздер деп екі ән айттым, оларға ұнады. Сен бала оқуың керек деп айтты профессорлар. Мен жағдайымды түсіндірдім, қазір басқа жерде оқып жатырмын деп. Маған енді аттестат бермейді заң бойынша деп, онда да рұқсат етті тек көшірмесін әкел деп. Сөйтіп оқуға түсіп кеттім, КазГУ-дың 4-нші курсында оқып жүріп. Бірақ журналистиканы да тастамадым, өзіп армандап түскен оқу болғасын. Опера театрында миманс деген бар, үндемей жүретін актерлер, оған тек консерваторияның студенттерін алады, сахнаға үйрене берсін деп. Сол мимансқа жұмысқа тұрдым оқу бітіргесін, кейін екі жылдан кейін хорға ауысып кеттім.

-Қашан солист боласыз? Оған қабілетіңіз жете ме?

-Ондай қабілетім бар, ол үшін әбден дайындық керек. Одан кейін бізде театрда қызық, мысалы мен қазір хорда істеймін де, жалақым қазір 100 мың теңгенің төңірегінде, егер қазір мен солистке өтсем тыңдалымнан кейін екі есе аз жалақы аламын. Себебі стажер солист боламын. Бұл фактор да мені ұстап тұр. Бұл бәленбай жыл істеп, үлкен еңбек тәжірибеммен. Қазір келіп жатқан жастар мүлдем 40-50 мың ғана алады. Басқа жұмыс істеуге қолымыздан басқа дүние келмейді.

-Тойға шығып ән айтпайсыз ба? Онда тек жалақыға қарап қалмас едіңіз ғой.

-Ондайға қызықпаймын. Мен операны тек театрда естігім келеді, театрда орындағым келеді.

-Мұса, қанша қойылымда ойнайсыз?

-Мен театрдағы барлық қойылымдарға қатысамын, отыз шақты қойылым бар. Соның барлығына қатысамын. Гастрольмен де еріп барамын. 10 жыл төңірігінде көп жерге бардық.

-Жалпы жақсы рольдерге ие болу үшін сіздерде де басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болу керек па?

-Енді ол кез-келген шығармашылық ұжымда  болады ғой. Бірақ өзім оған қызықпаймын. Тек профессионалдық тұрғыдан қарым-қатынасты ұстанғанды жақсы көрем, Мәке, Сәке, Бәкесіз.

-Ал өзіңізбен бірге хорда ән салып жүрген барлық әншілер солист атана алады ма?

-Көбісінде жоқ енді, әркім өзінің деңгейін, шама-шарқын біледі ғой. Бірақ арамызда солист болып кеткендер де бар. Қазір істеп жүрген солистердің көбі хорда 2-3 жыл шыңдалып, тәжірибе жинап, артынан солист болып ауысып кеткен.

-Бір спектакльге дайындалу үшін қанша уақыт кетеді?

-Енді қазір бәрін жаттап алғанбыз, тек қайталаймыз. Ал жаңа спектакль болса, онда ауқымына байланысты. Шағын опера болса бір аптада жаттап, келесі аптада шығасың. Үлкен операларды екі апта, бір ай жаттайсың. Ол Верди, Пуччинидің шығармалары. “Аида”, “Травиата”, “Трубадур”, “Риголетто”, “Турандот” деген сияқты шығармалар. Бұл – ауқымды опералар. Үлкен музыкалық материал, асықпай жаттаймыз, қиын болғандықтан.

-Қандай қиындықтар кездесіп жатады?

-Басты қиындық әрине жалақы, материалдық жағдайға келіп саяды. Осыдан бір ай бұрын басшылықпен арамызда келіспеушіліктер орын алды, басшылық ауысты, қазір бірақ хор солистері қуғын-сүргіңге ұшырады.

 

-Тағы қандай мәселелер толғандырады?

-Халық көп келсе екен дейміз. Кей қойылымдарда зал лық толы, кей күндері босап тұрады. Біздің ақсап тұрған тұсымыз – деңгейлері бірдей бола тұра қазақ операларына аз келеді. Тек қойылымдары ескі, костюмдері, декорациясы ескі, көркемдік жағы нашар дегендей. Мүмкін осы нәрсе де әсер ететін болуы керек. Жалпы халықтың өнерге деген қызығушылығы туу үшін әлеуметтік жағдайы да көтерілуі керек.

-“Астана операның” жағдайы сіздерге қарағанда жақсы шығар иә?

-“Астана операның” жағдайын бізідікімен тіпті салыстыруға келмейді. Олардың демеушілері бар, қаржылық жағынан да жақсы, жалақылары бізден екі-үш есе көп.

-Опералық театр  сізге не берді?

-Енді осында келгенде білімім, дауысым болғанымен, ешқандай тәжірибем жоқ. Бес-алты жылдай өзімді әлі студент сияқты сезініп жүретінмін. Музыкалық жағынан да, әртістік жағынан да өстім десем болады. Қазір 13-нші маусым істеп жатырмын, әрине, толқу, қобалжу деген жоқ. Операның корифейлері Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінишев деген сияқты жұлдыздары биік тұлғалардың көзін көрдік.

-Сонымен қатар “Классика” радиосында да қызмет етесіз?

-Иә, күнделікті эфирді жүргіземін. Бұл – менің журналистикадағы алғашқы жұмыс орным. Әрі музыканы әрі журналистиканы байланыстыратын болғасын өзіме ыңғайлы. “Классиканың” ең алғашқы жүргізушілері мен болатынмын.

-Классикаға арналған толқында жұмыс істеу үшін музыкалық білімнің болуы маңызды ма, жоқ сізге қосымша көмектесе ме?

-Музыкалық білімнің болуы маңызды. Тіпті журналистік білімнен де маңызды. Себебі біз күнделікті жұмыс жасайтын ол плейлист. Тек классикалық шығармалар, қазір ғана джаз бен блюзды қосып жатырмыз кішкене. Сондықтан музыкалық мамандық болғаны дұрыс.

-Адамдар не үшін опера және балет театрына бару керек?

-Рухани ляззат алу үшін, демалу үшін, музыканың өзі адамды емдейді, адамдармен танысасың, операны түсінсең, екі есе рахат аласың, көбісі түсінбейміз сосын келмейміз дейді.

-Мұса, сізге зор алғысымызды айтамыз! Биік белестерден көріне беріңіз!

 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр