Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұратхан Тоқмәди сот үкіміне келісетінін айтты

Таразда банкир Тәтішевті өлтірді деген айып тағылған Мұратхан Тоқмәдиге сот үкімі шығып, 10 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Сот шешімімен кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

М. Тоқмәди жазаны қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемеде өтейтін болды. Сотта төрағалық еткен судья сотталушыдан «осы үкімге келісесіз бе» деген сұрағына Тоқмәди келісетінін айтып жауап берді.

Бұдан бұрынғы сот отырысында, мемлекеттік айыптаушы Тоқмәдиге 12 жыл жаза кесуді және сот сараптамасына жұмсалған мемлекеттік бюджеттің 356 000 теңгесін қайтаруын сұраған еді. Ал, адам өлтірді деп айыпталған кәсіпкер өзінің соңғы сөзінде бес баласы барын ескеріп, мейлінше жеңіл жаза тағайындауды өтінген.

Тағы оқыңыз:

7 жасар баланың адвокаты: Баламен де, әжесімен де екі күннен бері кездесе алмай отырмын

Балиева: Баланың ресми өкілімін деген адвокатты екі сағат күттім, келген жоқ

Балиева: 7 жасар балаға пәтер беріледі деп айтқан жоқпын

Талқылау