Мұрат Қожа «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді (фото)
Әнші Мұрат Қожа үш қызының анасы Айманмен ажырасып, өзінен біршама жас кіші Әйгерім есімді қызға үйленген еді. Ол оқиғадан бері біраз уақыт өтсе де, әншінің алқымынан алып: «Үш қызыңды тастап, қалай бақытты болмақсың?» – деп сөгетіндер көп екен.
Жағымсыз пікірлердер әбден мезі болған Мұрат Қожа оларға өз жауабын берді.
«Сөгіп соншама. «Үш баласын тастап кетті. Не қызық көреді деп ойлайсың?» деп. Олардың шаруасы емес ол. Мен өзім білем», – деді әнші Ревю бағдарламасына берген сұхбатында.
Әнші ондай пікірлерді дұшпандарының қасақана жазатынына сенімді.
«Кім екен деп ашып қарайсың. Не бір суреті, не оқырманы жоқ белгісіз біреулер. Олар – менің дұшпандарым, мені жек көретіндер, менің қасымда жүрген адамдар деп ойлаймын», – деді ол.
Алғашқыда жағымсыз пікірлерді көтере алмаған ол жеке парақшасын бірнеше рет өшіруге бел байлаған. Алайда кейіннен ойланып, бұл райынан қайтқан.
«Неге біреу үшін мен күюім керек? Менің де тыңдарманым, жанкүйерім бар», – дейді әнші.
Қожа біреудің ел алдында жүрген өнер жұлдыздарының жеке өміріне араласқанша, халық олардың шығармышылығына қызығушылық танытса дейді. Мәселен, биыл “Нұрлан мен Мұрат” жобасына 20 жыл толып отыр. Қос әнші мерейтойлық концертке дайындалып жатыр. Кеш алдағы жылдың көктемінде өткізілуі тиіс.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт Сейфуллин Жолбарыстың жап-жас келіншегіне қызығып қалды (фото)
Әнші Асхат Тарғын тойда асабамен төбелесіп қалды (видео)
Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі
Қайрат Нұртас қымбат киімдерін елге үлестіріп беруінің себебін түсіндірді