AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндіктер алаңы: Шымкентте жылжымайтын мүліктер жәрмеңкесі өтті

8-9 маусымда үшінші мегаполисте ұйымдастырылған жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі Шымкенттің 12 құрылыс компаниясын бір жерге біріктірді. Соның арқасында қалалықтар тұрғын үй ұсыныстарымен танысып, “Отбасы банкінен” консультация алу мүмкіндігін иеленді.

Іс-шараның кешкі уақытта ұйымдастырылғаны да тұрғындар үшін ыңғайлы болды. Жұмыстан кейін шымкенттіктер қаладағы Арбатқа келіп, шаһарда тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан оннан астам компанияның жобаларымен танысты.  Солардың бірі –  Жазира Қалыбаева. Пәтер кезегінде тұрған кейіпкеріміздің түрлі жобалар арқылы үйлі болу мүмкіндігі бар. Дегенмен бірнеше жұмысты қатар атқаратын қала тұрғыны қолдауларға қанық болғанымен, қалада салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап шығуға уақыт таппайтынын айтады. Бүгін жәрмеңкеге келіп ол шаһарда бой көтеріп жатқан түрлі тұрғын үй кешендерінің жобаларын қарап шықты. Отбасы банкінің салымшысы құрылыс компанияларының ішінен өз таңдауын жасады.

"Бұл жәрмеңке мен үшін мүмкіндіктер алаңы болды. Осында келіп, банк мүмкіндіктерін пайдаланып, алғашқы жарнаны аз төлеуге болатын шарттарды білдім. Мұндай жәрмеңкелер әсіресе, жұмысбасты жастар үшін пайдалы", – дейді шаһар тұрғыны 
Жазира Қалыбаева.

Осылайша, шымкенттіктер жәрмеңкеде мердігерден жаңа тұрғын үй кешені жайлы ақпарат алып қана қоймай, Отбасы банкінің мамандарының кеңесіне жүгініп, есептеу жүргізіп, өзіне ыңғайлы ипотека бағдарламасын таңдап, тіпті 3 миллион теңге жеңілдікке де ие болды. Жеңілдік дәл сол жерде несиеге алдын ала мақұлдау алған шымкенттіктерге берілді. 

"Біздің банк қазір қалада тұрғын үй салып жатқан бес құрылыс компаниясымен тығыз жұмыс жүргізуде. Олардың арасында "BI Group" сияқты алпауыттармен бірге жас мекемелер де бар. Арадағы келісімшарт аясында пәтер сатып алушының алғашқы жарнасы 50 пайыздан 30 пайызға төмендеп отыр. Бұл азаматтар үшін үлкен жеңілдік. Сондай-ақ бүгінгі жәрмеңкеде үй салушылар клиенттерге 2 пайыздан 5 пайызға дейін жеңілдік жасады. Қазір құрылыс компанияларының арасындағы бәсекелестіктің жоғарылауы құрылыс сапасының артуына да сеп болып отыр" - дейді "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры
Дәурен Саудабаев.

Жыл басынан бері Отбасы банк Шымкент бойынша 2 мың несие мақұлдаған. Бұл күн сайын 10-15 азамат ипотекалық қарыз рәсімдеп, қоныс тойын тойлайды деген сөз. Бұған қоса тұрғындар баспаналы болу үшін 18 мың жаңа салым ашқан. 

Айта кетсек, жәрмеңкеде  Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар (BI Group, OKS Development, Otau Group, Батсу, Конфарсити)  ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасты. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр