Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ерекше жандардың артына тығылуды қойыңыздар”: Депутат Серіков жаңа заң жобасы туралы айтты

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков "Ақпаратқа қолжетімділік және қоғамдық қатысу туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

"Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу туралы" заң жобасын талқылау барысында бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қол жеткізуі шектеулі екені айтылған еді. Сондықтан ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға мүгедектігі барлардың мүддесін ескеру принципін, олардың ақпаратқа қолжетімдігін анықтайтын жеке тармақша қосу ұсынылды.

Алайда заң жобасын мәжіліс депутаты, бірінші топтағы мүгедектігі бар Таңсәуле Серіков сынға алды.

"Мүгедектерден қуыршақ жасаудың қажеті жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандардың артына тығылмаңыздар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаймыз деп, бізді кінәлі қылып отырсыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау үшін алты фракциядан алты депутат отыр. Артымызда 720 мың мүгедектігі бар азамат. Мұндай өзгеріс енгізудің қажеті шамалы", – деді Серіков.

Мәжілісмен ақпарат порталын мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді етуді ұсынды.

"Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға әлеуметтік кодекс бар. Норманы сол жерде де енгізе аламыз. Мұны басқа жерде жасаудың қажеті жоқ. Жасасаңыз, мүмкіндігі шектеулі жандардың игілігі үшін жасаңыз", – деп түйіндеді сөзін мәжілісмен.

Таңсәуле Серіков "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң жобасын сынға алған жалғыз депутат емес. Бұған дейін мәжілісмен Маггерам Маггерамов та бұл заң жобасына қарсылық білдірген. 

Талқылау