Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мүмкін ертең, мүмкін келесі апта": Түркия Сириядағы операцияның мерзімі туралы айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өкілі Ибрагим Калын Түркия қажет деп тапқан кезде Сирияда операцияны жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ahaber.com сайтына сілтеме беріп.

түркия әскер

Калын Сириядағы операция қашан болатынын айтты.

"Операция кез келген уақытта жасалуы мүмкін. Мүмкін бүгін, мүмкін ертең, бәлкім бір аптадан кейін. Бәрі дайын. Уақыты келгенде басталады", – деді президент өкілі.

Сондай-ақ, түрік тарапы операцияның басталғанын жарияламайды, өйткені "ешкімге есеп беруге міндетті емес" деп мәлімдейді. Калынның айтуынша, бұл – елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі.

Ердоғанның өкілі Анкара мұндай мәселелерді одақтастармен және көршілермен талқылай алатынын айтты.

Түркия 20 және 21 қарашада Сирия мен Ирак территориясына "Жезтырнақ–қылыш" операциясы аясында әуе шабуылдарын жасады. Іс-әрекеттің мақсаты – Стамбулдағы жақында болған шабуылға қатысқан күрд содырларының базаларын жою. Елдің қорғаныс министрі Хулуси Акар әуе күштері Ирак пен Сириядағы 326 террористті жойды деп мәлімдеді.

Стамбулдағы теракт 13 қарашада Истикляльдің ең үлкен туристік көшесінде болды. Нәтижесінде 80-нен астамы жарақат алып, алты адам қаза тапты.

Талқылау