Муляжбен баланы босандыру: Шығыс Қазақстанда студенттердің әзілі жанжалға ұласты
Шығыс Қазақстанда медицинада оқитын студенттердің қалжыңы жанжалға айналды. Қыздар әйелдің муляжынан бала босандыру сәтін түсіріп, оны күлкіге айналдырады. Кейбір желі пайдаланушылары болашақ акушерлердің қылығы ерсі екенін айтып, оқудан шығаруды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ал кейбіреулері бұл қылықтарынан оғаштық көрсе де, олардың оқудан шықпауы үшін петиция жазып беруге дайын.
Өскемендегі пабликтердің бірінде жарияланған видеода студент қыздар муляж арқылы баланы босандыруға тырысады. Алайда олар бұл істерін күлкіге айналдырады. Автор видеоның дыбысын өшіріп тастаған. Соған қарамастан жағымсыз пікірлер қардай борады.
“Кейін осылай жұмыс істейтін бола ма?”, “Осындай әрекеттен соң, дәрігерлерді жек көретін болады”, “Не қылық көрсетіп тұр? Өзін дұрыс ұстаса қайтеді?”, “Мына қыздан қандай акушер шығады? Сөзім жоқ”, “Бұл жай әзіл деп үміттенемін” дейді желі қолданылушылары.
Интернет қолданушылары ашуланып, студенттерді жазалауды, тіпті шығаруды талап етуде. Алайда "кейіпкерлер" мен видео авторларын табу оңай емес. Шығыс Қазақстанның екі жоғары оқу орны мен алты медколледжінде бұндай студенттер жоқ екендерін айтып, жалтаруда.
“Бәрімізге өз кәсібіне кімнің осылай қарап жүргені қызық. Этика жоқ. Бұл біздің аудитория емес, біздің студенттер емес. Өзімізге де бұл студенттердің қай оқу орнында оқитыны қызық”, – дейді Өскемен қаласының медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Бауыржан Мұратбекұлы.
Бірінші курс студенттерін құқыққорғаушылар қорғап шықты. Олардың пікірінше, бұл видео пандемия кезінде болып жатқан оқиғалардың медицинаға деген сенімсіздік тудыруынан қарағанда әлдеқайда жақсы.
“Интернет гигиенасы болуы керек. Адамдар видеоны дұрыс қабылдап, олардың әлі бала екенін түсінуі керек. Біз бәріміз де жас болдық. Сондай-ақ видеоны салмастан бұрын ойлану керек. Өйткені бұл адамның тағдырына теріс әсер етуі мүмкін. Судент бұл іс-әрекетімен арсыздық көрсетті деп ойламаймын. Жай ғана түсініспеушілік әрекет шығар”, – дейді құқыққорғаушы Индира Какимова.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
