"Мүлдем жаңа құжат": Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу керек болса, ол референдум арқылы ғана жасалатынын және Конститутция мүлде жаңа құжат болып өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент комиссия мүшелері конституциялық реформаға қатысты әр мәселені егжей-тегжейлі қарап жатқанын алға тартты.
"Жан-жақты талқылап, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Осыған дейін Комиссияның 5 отырысы өтті. Оның бәрі әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетіліп, ақпарат құралдары арқылы кеңінен таратылды. Мен талқылау барысын мұқият қадағалап отырмын. Осы орайда, Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныс берілді деп сеніммен айта аламын. Түптеп келгенде мұның бәрі еліміздің Ата Заңына негіз болады. Бұл әлемде қалыптасқан қазіргі күрделі кезеңде біртұтас Қазақстан халқына бағыт сілтейтін маңызды құжатқа айналады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосқанын алға тартты.
"Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін. Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін.
Тағы бір айта кететін маңызды жайт: Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады", – деді Тоқаев.
-
Қазақстанда балалар ата-аналарына қамқорлық жасауға міндеттелмек
-
Қазақстанда өлім жазасына тыйым салатын норманы Конституцияда бекіту ұсынылды
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Конституциясы толықтай қайта жазылып, 84% өзгеріс енгізілетінін жазған едік. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында қатар пысықталып жатыр. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, мамандар Конституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ түсініксіздіктерді болдырмау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Алайда кейін Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституцияға жекелеген түзетулер енгізу жеткіліксіз және Конституцияны тұтастай өзгертуді ұсынды.
"Қыздар клубқа барып өлсе обалы жоқ”: Желіде өзін діни ұстаз ретінде таныстырған азаматтың пікірі дау тудырды