"Мүлдем сүйіспеңіздер": Дәурен Айдарқұлов жігіттерге кеңес берді
Дәурен Айдарқұлов жігіттерге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zhauaр ber бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов ер балаларға қызбен бірінші кездесу кезінде қандай болу керегін айтып, кеңес берді. Бірінші кездесуден-ақ қол ұстасып, сүйісуге болмайды деп ескертті ол. Сонмен қатар, өнер иесі ер адамға барынша сыпайы болған жөн екенін айтқан. Әсіресе кездескен адамыңа өміріңді арнаймын деп ойласаң сыпайылық үлкен рөл атқарады дейді актер.
"Қарапайым болу керек. Қол ұстаспаңдар, қандай жағдай болмасын, мүлдем сүйспеңіздер. Ер адамдарды айтып жатырмыз ғой? Әлде қыздарға да кеңес беру керек пе? Сыпай болыңыз. Егер кездескен адамыңызбен өміріңізді жалғағыңыз келсе, сыпайылықты серік етіңіз", - дейді Дәурен Айдарқұлов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”