"Мүлдем араласпаймыз": Баян Алагөзова күйеу баласы мен құда-құдағиы жайлы ашық айтты
Танымал продюсер Баян Алагөзова мен қызы Айсәуле Бақытбек “Мархабат” бағдарламасында отбасы жайлы тақырып қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/bayanmaxatkyzy/aissaulebakytbek
Баян Алагөзованың қызы Айсәуле – бүгінде екі баланыі анасы. Бағдарлама жүргізушісінің: “Қызыңыз тұрмысқа шыққан соң өзгерді ме? Бұрынғы Айсәуле қандай еді?” деген сауалына продюсер: “Мен үшін өзгерген жоқ. Өте ашық, Айсәуле күн сияқты. Айсәулемен болған бір келеңсіз жағдай есімде жоқ. Оқуда да озат болды. Мен оны махаббатпен өсірдім”, – деп жауап берді.
Баян Мақсатқызына Айсәуленің қайын жұртына жақын болғаны ұнайды.
“Айсәулеге сол ұнаса, мен ды тынышпын. Маған: “Мама, осындай жағдай болды. Не істеймін?” деп хабарласады. Мен: “Айсәуле, бұл – сенің мәселең. Өзің шеш. Сенің отбасың, сенің шаруаң. Өзің таңдаған екенсің, өзің шеш. Мен мен мүлде араласпаймын. Өсірдім, бақтым, тәрбие, білім бердім” деймін. Бұл – менің философиям”, – дейді Баян Алагөзова.
Танымал продюсер күйеу баласымен және құда-құдағиымен арақатынасын жасырып қалмады.
“Күйеу балам өте жақсы адам, жиі араласып тұрамыз. Олар бізге жиі қонаққа келеді. Осындай күйеу бала берген Құдайға және таңдаған Айсәулеге рахмет. Қызым жақсы болғандықтан, оған да жақсы жігіт кездесті. Құда-құдағиым да жақсы адамдар. Біз ештеңеге араласпаймыз”, – дейді белгілі продюсер.