Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Тінікеев барша қазақстандықтардан кешірім сұрап өз еркімен қызметінен кетті

Әдеп жөніндегі кеңес ҚР парламент мәжілісі депутаты Мұхтар Тінікеевтің өз өкілеттілігін тоқтату туралы шешімімен келісті. Бұл туралы парламенттің төменгі палатасы жария етті.

cf9af8a57ba40c06cf4e5add0e2781c8

Фото: bnews.kz

“Депутат әдебі жөніндегі кеңестің отырысы өткізіліп, Мұхтар Тінікеевтің ісі қаралды. Депутат әріптестеріне өткен іске байланысты баяндап кешірім сұрады. Ол ОСК-ге депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы ресми өтініш бергенін хабарлады. Кеңес жағдайды жан-жақты қарастырып, аталған шешіммен келісті”, – делінген хабарламада.

“Мен барлық сайлаушылардан, барлық қазақстандықтардан менің тәртібіме қатысты өткен оқиға үшін кешірім сұраймын. Жағдайдың демалыс күні, жұмыс уақытынан тыс кезде болғанына қарамастан бұл менен жауапкершілікті алып тастай алмайды және мені депутат ретінде ақтамайды. Сол себепті мен депутаттық өкілеттілігімді тоқтату керек деп шештім”, – деді Тінікеев.

Еске сала кетсек, Мұхтар Тінікеев 2002 жылдан бері парламент қабырғасында депутат болып келе жатыр. Бұған дейін желіде Мұхтар Тінікеев делінген ер адамның қатысуымен видео пайда болған еді. Бейнематериалда мәжіліс депутаты Николай Полевой есімді Қарағанды қалалық мәслихатының депутатын басынан ұрып жатады.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті

Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген

Талқылау