AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Шаханов: Біз 114-ақ мемлекетке қарыз екенбіз

Қазақстанның сыртқы борышы қысқарып жатқанымен, мемлекет әлі 100-ден аса елге қарыз. Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы жылдың екінші тоқсанында 2 миллиард 200 миллион долларға қысқарған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұхтар Шаханов: Біз 114-ақ мемлекетке қарыз екенбіз

Алайда, бұл көрсеткіш қарызымыздың азайғаны деген сөз емес. 2018 жылдың бірінші шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан 114 мемлекетке қарыз. Осылайша, қазіргі уақытта еліміз шет елдерге 164 миллиард 400 миллион доллар берешек болып шықты.

Сыртқы қарыздың ең көбі, 63,0%-ы әдеттегідей фирмааралық берешек. Алайда, мемлекеттің де шет елге борышы аз емес. Себебі, мемлекеттік сыртқы борыш 7,2%-ды құрап тұр.

Ақпаратқа сүйенсек, қарыздың азаюы төлем балансының операциялары және теріс бағам айырбасы есебінен орын алған.

Дегенмен, Қазақстанның сыртқы қарыз көлемі ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі ең көбі болып тұр. Мәселен, Украина шет елге 16 миллиард, Әзербайжан 9,4 миллиард, Қырғызстан 4,5 миллиард, ал Тәжікстан 2,8 миллиард қана қарызы бар.

Мұхтар Шаханов: Біз 114-ақ мемлекетке қарыз екенбіз

«Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,5 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 46,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болды, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады»,-делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, қашанда Қазақстанның болашағына алаңдап жүретін танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов еліміздің қарыз көлемін көріп, жаңа туған нәрестенің өзі 10 мың доллар қарыз екен деп күйінді.

«Біз 114-ақ мемлекетке қарыз екенбіз. Мәселен, көрші Өзбекстанды алып қараңыздар. Олар бірде-бір мемлекетке қарыз емес. Ал біздің елге қараңыздар. Сонда ол қарыздардың барлығын қайтеміз, оны не себептен алды? Ол кімнің қалтасына түсіп жатыр? Енді ол қарыздардан қалай және қандай жолмен құтыламыз? Сонда бізде жаңа туған баланың өзі, жаңа туған нәрестенің өзі шет елге 10 мың доллар қарыз екен»,- дейді ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 31 арнаға берген сұхбатында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр