Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге сыйақы алды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымымен кездескен “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қойған сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге алды.

kul

Фото: 365info.kz

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Павлодар облысына келген сапарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұжымымен де кездесті. Шара барысында Мұхтар Абрарұлы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылудан кейін, студенттер арасында сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, дұрыс жауап берген студенттерге 100 мың теңге ұсынылатынын атап өтті.

“Адамзат тарихындағы алғашқы жолдау қашан жарияланды?”, “Қазақстан Президентінің бірінші жолдауы қашан болды?” және “АҚШ-тың төртінші президенті кезінде сол елдің Конституциясында қандай өзгерістер орын алды?” секілді 5 сұрақтың біріне құқықтану кафедрасының студенті дұрыс жауап берген.

Оқи отырыңыз:

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау