Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізген жігіт өлім жазасына кесілді

Пәкістан соты 30 жастағы мұсылман шиит Таймур Разаға Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасы үшін өлім жазасын тағайындау туралы үкім шығарған.

07D641D1-E324-4A95-9965-7EEEB82C7883_w1023_r1_s

Үкімде Раза әлеуметтік желідегі комментрийінде «сүннит діни жетекшілеріне және Мұхаммед пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізгені» үшін айыпты деп танылған, деп жазады Азаттық.

Таймур Раза сот үкіміне шағым бере алады. Өткен аптада Пәкістан жоғарғы соты «Құранды қорлағаны» үшін өмірлік түрме жазасына кесілген тұтқынды ақтаған. Жоғарғы сот шешімінде төменгі сатыдағы сот орындары бұл істің әділ тергелуін қамтамасыз ете алмағаны айтылған.

Пәкістан заңында ислам діні, пайғамбар немесе діни қайраткерлерге тіл тигізу қылмыс саналып, айыпты деп танылғандарға өлім жазасын тағайындау қарастырылған. Адам құқығын қорғайтын Human Rights Watch халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, өткен жылы Пәкістанда «құдайға тіл тигізген» деген айыппен 15 адам тұтқындалған.

Тағы да оқыңыз:

Мұсылман жігіті 64 христианды өлім жазасынан құтқарып қалды (видео)

Сауд Арабиясында Жаратқанға сенбейтінін айтқан атеист өлім жазасына кесілді

Иранда мұнайшы-миллиардер өлім жазасына кесілді

Талқылау