Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедиұлы қырғыздар туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ведосмтва басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы қырғыздар жайлы «дұрыс қабылданбаған сөздері» үшін кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

11753456

Арыстанбек Мұхамедиұлы дүйсенбі күні қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы жайында сөз ете отырып, «Мәскеуде дәретхана тазалап жүрген қырғыздарды аяйтынын» айтқан еді. Осыдан кейін Қырғызстанның СІМ Бішкектегі Қазақстан елшілігіне қарсылық нотасын жолдаған. Бірқатар қазақстандықтар мен танымал қоғам қайраткерлері министрдің пікірі үшін қырғыздардан желіде кешірім сұраған еді.
«Министр өз сөзі дұрыс қабылданбағанын сөз ете отырып, кешірім сұрайды. Біз тағы да қайталап айтамыз, Арыстанбек Мұхамедиұлы қырғыз халқына құрметпен қарайтынын, сондықтан оларды ренжітетін сөз айту ойында болмағанын айтқымыз келеді», – делінген хабарламада.

«Шындығында министр Шыңғыс Айтматовқа бас ие отырып, оның терең философиясын сөз еткісі келген», – деп жазылған хабарламада.


Арыстанбек Мұхамедиұлы: Менен қателік кетті

Талқылау