Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектікті дәлелдеу жолындағы қағазбастылық қашан жойылады? Еңбек министрлігі жауап берді

Қазақстанда мүгедектікті белгілеу жеңілдетіліп, ол процесс автоматтандырылмақ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта елімізде мүгедектікті белгілеу, жәрдемақыларды рәсімдеу, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алу үшін түрлі мемлекеттік мекемелерге баруға тура келеді. Алдымен азаматтар медициналық комиссиядан өту үшін медициналық мекемелерге барады. Сосын мүгедектігін анықтау үшін қағаз құжаттарымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінуі керек. Содан соң жәрдемақы автоматты түрде мемлекеттік корпорацияға жіберіледі. Ал әлеуметтік қызметтер, техникалық оңалту құралдарын тағайындау және алу үшін жергілікті атқарушы органдардың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне баруы тиіс", - деді Оспанов ОКҚ-те онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Вице-министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта аталған процестердің барлығы автоматтандырылып, қағазбастылық жойылады. 

"Ендігі уақытта өтініш беруші тек медициналық мекемелерге жүгінеді. Қалған процестер адамның қатысуынсыз ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өтеді. Яғни жәрдемақылар, әлеуметтік қызметтер және техникалық оңалту құралдары автоматты түрде тағайындалады. Қазірдің өзінде барлық қажетті ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүргізілді. Енді Денсаулық сақтау министрлігімен интеграцияны аяқтауымыз керек", - деді ол. 
 

Талқылау