Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

75 жастағы Алматы тұрғыны Жақсылық Уйсункулов уақытша тіркеу бойынша пәтерде тұрып жатыр. Зейнетақы мен 3-нші топтағы мүгедектігі үшін 70 мыңға жуық ақша алады. Атаны дәл қазір ақша да емес, азық-түлік алу мәселесі толғандырады. Себебі жақында 50 жастан асқан адамдар оқшаулануы тиіс деген шешім қабылданған болатын. 

"Алматыда 2010 жылдан бастап тұрамын. Мектепте оқитын немереммен бірге пәтерде тұрып жатырмын. Немерем де сыртқа шықпайды, мен өзім ғана шығып жүрмін. Полиция жоқ кезде ақырын барып шығып келемін", - дейді зейнеткер.

75 жастағы Жақсылық ата зейнетақы мен мүгедектік үшін 70 мыңға жуық ақша алады. Алайда қария көмекке ниетті адамдар болса, азық-түлік әкелсе де рахмет дейді. Әзірге ешкім келіп қол ұшын бермеген. Тіпті ондай көмекті қалай алуға болатынын, оны ұсынатын арнайы ұйымдар бар екенінен де қарт бейхабар.

"Алматы қаласында тұратын балаларым бар, қала шетінде тұрады, қазір карантин уақыты ғой, жете алмай жатыр. 50 жастан асқандарға дүкенге шығуға рұқсат жоқ болғандықтан, сыртқа шыға алмай отырмын. Полиция қызметкерлері көріп қойса, ұрысып шыға келеді", - дейді ол. 

Айтуынша, оның мүгедектігі - Ұлы отан соғысына қатысушылармен бірдей деңгейде теңестіріледі.  

 

Қарияға көмек көрсетем деушілер үшін Жақсылық Уйсункуловтың байланыс нөмірі: +776 945 0903

 

Талқылау