Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек жігіт тойында ән салған: Бағлан Әбдірайымовтың жүктеген бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасына мүгедек жігіттің тойда ән салған бейнежазбасын жүктеп, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мүгедек жігіт тойында ән салған: Бағлан Әбдірайымовтың жүктеген бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Танымал әнші желідегі парақшасында арбаға таңылған жігіттің үйлену тойында қалыңдығына арнап ән айтқан видеосын жариялаған. Ол келіншегіне арнап жазған туындының көп орындала бермейтінін, анда-санда тойларда ұсыныс болса айтып жүргенін жеткізген. Осылайша өнер иесі келіншегіне деген сезімінің қаншалықты ерекше екенін байқатқан болатын. 

"Ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың дегенді көпшілік түсіне бермес. Ән айту үшін тағдырыңа ұқсас, табиғатыңа сай дүние іздейсің. Жарыма деген кұрметті көп сөзбен емес, әнмен жеткізсем деп жарыққа шығарып едім. Тек соның телефон қоңырауынан ғана естіп жүріп, "жар-жар" әнінің орнына арнайы шақырып, жастарды құтты орнына қондырған сәттер болып еді", - дейді Бағлан Әбдірайымов.  

Әнші, өзінің әнін орындаған мүгедек жігіт туралы да айтуды ұмытпады. Ол өмір үшін талпыныстың қаншалықты болатынын, махаббаттың не екенін осы жазбадан көруге болатынын айтып, адамдарды мейірімді болуға шақырды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың дегенді көпшілік түсіне бермес. Ән айту үшін тағдырыңа ұқсас, табиғатыңа сай дүние іздейсің... Жарыма деген кұрметті көп сөзбен емес, әнмен жеткізсем деп жарыққа шығарып едім. Тек соның телефон қоңырауынан ғана естіп жүріп, "жар-жар" әнінің орнына арнайы шақырып, жастарды құтты орнына қондырған сәттер болып еді. Ал мына видео мүлде бөлек. Өмірге деген құлшыныс, шынайы махабатты осы жерден көре аласыз! "Үйлену үшін махабат жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін, сабырлық пен кешірімді үйрену қажет" - дейді! Өмірдің өзі күніге сабақ үйретеді. Нашар оқушы ұқсап құлақ аспайтынымыз өкінішті. Барымызды бағалап, бүгінімізге қуана білейік! Ал, жастарға @arman_karynsau мәңгілік махабат тілейміз! 👏 #багланабдраймов✍️

Публикация от BAǴLAN ABDRAIMOV (@baglan_abdraimov_official)

"Ал мына видео мүлде бөлек. Өмірге деген құлшыныс, шынайы махабатты осы жерден көре аласыз! "Үйлену үшін махабат жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін, сабырлық пен кешірімді үйрену қажет" дейді. Өмірдің өзі күніге сабақ үйретеді. Нашар оқушыға ұқсап құлақ аспайтынымыз өкінішті. Барымызды бағалап, бүгінімізге қуана білейік!" - дейді Бағлан Әбдірайымов. 

Талқылау