Соңғы жаңалықтар

Мұғалімнің мәртебесі туралы заң жайлы: Назарбаевтың тапсырмасын шапалақпен қарсы алды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті халыққа жолдауында мұғалім мәртебесі туралы да айтып өтті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мұғалімнің мәртебесі туралы заң жайлы: Назарбаевтың тапсырмасын шапалақпен қарсы алды

«Мұғалімдер мен тәрбиешілерді негізсіз тексерулерден, қажетсіз жұмыстардан босату керек. Оларға бұл үшін ешкім ақша төлемейді. Олар ол тапсырмамен жұмыс істеп, дайындалуы керек қой, ал үшін мұғалімдерге ешқандай қаражат төленбейді»,-деді Назарбаев.

«Келесі жылы «Мұғалім мәртебесі туралы» заң әзірлеп, қабылдау қажет деп есептеймін.
Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері үшін барлық ынталандыруды, жұмыс жүктемесін қысқарту және күтпеген тексерулер мен негізсіз функциялардан қорғауды қарастыруы тиіс. Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс. Бұл мектептегі білім беруді реформалаудың соңғы кезеңі болады. Білімді бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі керек. Орта мектептен бастап балаларды талап етілетін мамандықтарға бағыттап, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл жеке оқу жолын құруға және оқушы мен мұғалімнің жұмыс жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді»,-дейді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Назарбаев еліміздегі балабақша қызметіне де бірқатар өзгеріс енгізуді тапсырды.

«Бала қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтандырып, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуге және басқа да дәйекті шараларды іске асыруды тапсырамын. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Ойлау, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттердің негіздері, жаңа дағдылар ерте балалық шақта қалыптасады. Білім берудегі баса назар 4K моделіне ауысады: шығармашылықты дамыту, сыни ойлау, қарым-қатынас дағдылары және командамен жұмыс істеу қабілеті. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдістерін, тәрбиешілер және басқа балабақша қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет»,- деді елбасы.

Сонымен қатар, елбасы жоғары оқу орындарында оқыту сапасына қойылатын талаптардың  артатын айтты.

«Жоғарғы оқу орындарында білім беру мекемелеріндегі оқыту сапасына қойылатын талаптар артады. Біз грант санын көбейттік, енді жауапкершілікті арттыру уақыты келді. Университеттің табыстылығын бағалаудың негізгі критерийі – бітіргеннен кейін түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың жоғары ақы төленетін жұмыс орындарында жұмыс істеуі. Сондай-ақ, елімізде жоғары оқу орындарын біріктіру саясатын жүргізу қажет. Білім нарығында тек жоғары сапалы білім беретін университеттер ғана қалуы керек. Әлемдегі жетекші университеттермен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша ең үздік шетелдік жетекшілерді жұмысқа тарту маңызды»,-деді елбасы.


Тағы оқыңыз:

Мына масқараны құртыңдар: Назарбаев үш ауысымды мектептер үшін үкіметті сынады


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері біртұтас ұлтты құрайды

Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай қақтығыстарға қатысты пікір білдірді.

Ғалымдар: 6 миллиард жылдан кейін Күн қартайып, айналасындағы астероидтарды жояды

"Сонда Күн Жердің көлеміндей болып кішірейеді",- дейді ғалымдар.

Ішкі істер министрлігі: Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

Павлодарда өмір бойы сотталғандарға арналған колония сатылып жатыр

Оған республикалық бюджеттен шамамен 4 миллиард теңге жұмсалған, бірақ ғимарат аяқталмай қалған

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Сондай-ақ, шариғатта жұқпалы аурулардың жай көзге көрінбейтін зиянды күші барын, білінбей тарайтынын және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені атап айтылған.

Туған күнін моншада атап өтпек болған блогер әйелдің күйеуі мен екі қонағы көз жұмды

 Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Денесінде сау жері жоқ":  32 жастағы көкшетаулық ер адамды кафеде ұрып өлтірген

Туыстары 32 жастағы Әділ Теміртасовты жер қойнауына тапсырған.

АТФБанк AQR рәсімінен табысты өтті

АТФБанк ҚР Ұлттық Банкі бастамашылық жасаған AQR – банк активтерінің сапасын бағалау рәсімінің нәтижелері бойынша реттеушінің қорытынды есебін алды

Сәбиді мұздатқышқа салып өлтірген: Экс-шенеунікке үкім шығарылды

Сәбиді өлі туылды деп тіркеп жіберген қызметкерлер құжаттарды қайта жасамай, оны мұздатқыш камераға салып өлтірген. 

Қытайлық дәрігерлер коронавирустан көз жұмған науқастың денесін сойып, нәтижесін жария етті

Денесін сарапшылар тексерген науқас 1 қаңтарда ауруханаға бірнеше бас ми инфарктімен түсті. Бұл Ухань қаласының 85 жастағы тұрғыны еді.
Çàãðóçêà...