Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Moody’s Ratings Altyn Bank-тың рейтингтерін көтерді

Рейтингтік агенттік Moody’s Investors Service "Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd-ның Еншілес Банкі) ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін "Baa3" деңгейіне дейін көтерді, болжамы "Тұрақты".

Кредиттік қабілеттілік рейтингі (BCA) "ba1" деңгейіне, ал түзетілген базалық кредиттік рейтинг (Adjusted BCA) "baa3" деңгейіне көтерілді.

Moody’s бұл рейтингтің көтерілуі банктің жоғары базалық кредиттік бағалауымен және China CITIC Bank Corporation Limited (Baa2, тұрақты) тарапынан ықтимал қолдаумен байланысты екенін атап өтті. Altyn Bank капиталының, өтімділігінің, табыстылығының және активтердің сапасының жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Экономиканың кеңеюі табысқа жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл банк үшін төменгі тәуекел деңгейі кезінде ерекше маңызды.

"Altyn Bank" АҚ басқарма төрағасы Марат Альменов:

"Moody’s рейтингінің инвестициялық деңгейге көтерілгені Altyn Bank-тің қаржы нарығындағы перспективаларын растайды. Банк активтерінің сапасы жоғары деңгейде, ал капиталдандыру мен активтердің табыстылығы тұрақты. Банк өзінің активтерін тиімді пайдалануда тұрақты нәтижелер көрсетіп отыр, бұл бизнестің жақсы басқарылуы мен тұрақтылығын білдіреді. Өз ресурстарымыз бен акционерлердің қолдауымен, біз прогрессивті банктік технологияларды енгізіп, клиенттерге қызмет көрсетуімізді жетілдіре отырып, тиімді дамып келеміз".

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.23 / 194/33 лицензиясы.

"Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) — корпоративтік және бөлшек клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету Altyn-i цифрлық банкингінде жүргізіледі, Активтер мөлшері бойынша 12-ші орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB -", Moody ' s – "Ваа3"). Банктің 6 филиалы бар: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау және АХҚО.

Талқылау