Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Moody’s Jusan Bank-тің "тұрақты" болжамымен B1 деңгейіндегі рейтингтерін растады

2022 жылғы 12 сәуірде Moody's Investors Service  халықаралық рейтинг агенттігі Jusan Bank-тің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша "Тұрақты" болжамымен В1 деңгейіндегі ұзақмерзімді рейтингтерін растады. 


Moody's аналитиктерінің пікірінше, Jusan Bank басқа екінші деңгейлі банктермен қатар операциялық қызметі тұрғысынан да, кредиттік қабілеттілігі тұрғысынан да елдегі әлеуметтік және саяси тәуекелдерге деген тұрақтылығын көрсетіп отыр.  

Өз қорытындысында агенттік 2022 жылғы қаңтар айындағы оқиғалар маңыздылығына қарамастан халықтың қаржылық перспективаларына және Қазақстанның бизнес сегментіне әсер етпегенін және қазақстандық банктерге тек шектеулі операциялық шығындар алып келгенін атап өтті.  

Рейтингті растау кезінде агенттіктің пікірі Jusan Bank-тің негізгі ағымдағы көрсеткіштеріне кешенді баға беруге негізделді, сондай-ақ макроэкономикалық және геосаяси қарбаластықтың ағымдағы мәнмәтінін ескерді. 

"Рейтингтердің растамасы банктердің операциялық ортасы және кредиттік қабілеттілігі қызметтегі іркілістерді, қаржыландыру шарттарының қатаң болуы, айырбастау бағамының әлеуетті құбылмалылығын және жоғары құнсыздануды қоса алғанда, ресей-украин әскери қақтығысының нәтижесінде туындаған әлеуетті сын-тегеуріндерде тұрақтылықты көрсетеді деген Moody's  агенттігінің пайымдауын да назарға алып отыр", – делінген агенттіктің хабарламасында.
"Біздің банктің ағымдағы стратегиясы әлемдегі сыртқы макроэкономикалық және геосаяси жағдайдың тұрақсыздығын ескеріп отыр. Біз қазіргі оқиғаларды мұқият бақылап отырмыз және өзіміздің қаржылық тұрақтылығымызды сақтау, сондай-ақ банктің дамуына және клиенттік сервиске теріс әсер етуі мүмкін факторларды түзетіп отыру үшін қажетті іс-әрекеттердің барлығын жасап жатырмыз. Біз өткен жылдың маусым айында Moody's-тің жоғарғы рейтингісіне ие болдық  және сыртқы орта жағдайлары бұрынғыдан да агрессивті болған уақытта сақтап қалдық. Рейтингтердің растамасы Jusan Bank-тің ағымдағы мықты қаржылық позицияларына берілген объективті баға болып табылады. Біз алдағы уақытта да осы позицияларды нығайтпақпыз, ретейл, шағын және орта бизнес, сондай-ақ прайет-банкинг сегменттеріне бағытталған Jusan  цифрлық сервистерінің экожүйесі осыған платформа болмақ", – дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.  

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес Jusan Bank 2,5 трлн.теңгемен активтердің портфелі бойынша бесінші орынды, көлемі 1 трлн. теңгеден асқан кредиттік портфелінің көлемі бойынша алтыншы орынды және 1,3 трлн.теңге көрсеткішпен заңды және жеке тұлғалардың салымдарының жиынтық көлемі бойынша жетінші орынды иелене отырып, Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Jusan Bank-тің пруденциалды нормативтері Реттегіш белгілеген ең төменгі талаптардан айтарлықтай өсуін жалғастырып, тұрақтылықтың үлкен қорын көрсетуде: наурызда Jusan Bank-тегі меншікті капитал жеткіліктілігі коэффиценті  (k1) 31% құрап, белгіленген нормативтен 5 есе асты, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші  (k4) белгіленген нормативтен 6 еседей асып, 205% құрады.

Өз қорытындысында Moody's  осы рейтинг әрекеті агенттік 2022 жылғы қаңтарда  Jusan Bank-ті қоса алғанда қазақстандық қаржы ұйымдары үшін бастаған қайта қарауды аяқтайтындығын атап өтеді. 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Талқылау