Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Moody’s bank RBK-ның ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін ba2 деңгейінде растады: болжам – "тұрақты"

Банк, рейтинг, қаржы, инфографика

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ұлттық және шетел валютасындағы "Bank RBK" АҚ депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтерін Ba2 деңгейінде, ал контрагенттің тәуекелін ұзақ мерзімді бағалауды (CounterParty Risk Assessment, CR Assessment) Ba1 (cr) деңгейінде растады.

Сонымен қатар базалық кредиттік баға (Baseline Credit Assessment, BCA) және түзетілген BCA - ba3 деңгейінде расталды. Банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтері туралы болжам тұрақты болып қалды.

Рейтинг агенттіктің дерегінше, Bank RBK-ның ba3 базалық кредиттік бағалауын растауы тәуекелдерді қабылдаудағы консервативті көзқарасын, өтімді қорын және қолайлы кірістілігін көрсетеді.

Moody’s агенттігі банк стратегиясының төмен тәуекелді модельге негізделгенін, яғни ірі корпоративтік клиенттер мен бөлшек сегментті несиелеуді, сонымен қатар қамтамасыз етілген бөлшек несиелеудің үлесін арттыруды көздейтінін атап өтеді. Сонымен бірге қамтамасыз етілмеген бөлшек несиелердің едәуір бөлігі жалақысын Bank RBK шоттары арқылы алатын клиенттерге беріледі.

Moody's сарапшыларының айтуынша, Bank RBK-ның табыстылығы қолайлы деңгейде қалып отыр. Мысалы, кейінгі төрт жылда орташа өлшемді активтердің табыстылығы 2%-дан асты.

Ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер туралы тұрақты болжам агенттіктің алдағы 12-18 айда банкте кредиттік көрсеткіштерде елеулі өзгерістер болмайды деген пікірін көрсетеді.

Сонымен қатар баспасөз хабарламасында Bank RBK қызметінің әртараптандырылуы активтер сапасын, өтімділікті және табыстылықты қазіргі жоғары деңгейге жақын сақтауы, сондай-ақ капиталдандыру деңгейін арттыруы болашақта банк рейтингтерінің өсуіне оң әсер етуі мүмкін екені айтылған.

Moody's-тің тұрақты болжамы бар Ba2 деңгейіндегі рейтингті растауы – біздің жұмысымызға берілген маңызды әрі тәуелсіз баға. Біз активтердің сапасына, капиталдың өтімділігі мен жеткіліктілігіне басым назар аудара отырып, тәуекелдерді консервативті басқару стратегиясын дәйекті түрде іске асырып келеміз. Алдағы уақытта біз тұрақты бөлшек және корпоративтік бизнесті дамытуға, операцияларды әртараптандыруға және қаржы көрсеткіштерін нығайтуға назар аударуды жалғастырамыз. Бұл шешім әрі қарай да өсу және рейтингтік бағалауды арттыру үшін берік негіз қалайды", – деп Moody's шешіміне түсініктеме берді Bank RBK-ның басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша коммерциялық банктер арасында несие портфелінің көлемі бойынша Bank RBK 6-орынды, капиталы бойынша 7-орынды, активтері бойынша 8-орынды иеленді.

2026 жылғы 1 қаңтарға "Bank RBK" АҚ активтері 2 727 млрд теңге болды. Оның ішінде бір жыл ішіндегі өсім 11%, ал 2025 жылдың басынан бергі өсім 41% болды. Ал кредиттік портфель 1 565 млрд теңге болды.

Бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңде алынған 56,5 млрд теңгеге қарағанда, банктің 2025 жылдағы таза кірісі 64,2 млрд теңге (өсім 13,6%) болды.

* ҚНРДА берген 2021.04.05. № 1.2.100/245/41 лицензия

Еңлік Сақтан
Жұма, 10 Сәуір, 2026 10:05