AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Монументтен елтаңбаны жұлып алды": Ақтөбеде қоғамдық бірлестік төрағасы қамауға алынды

"Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Мұхамеджановты монументтен елтаңбаны жұлып алғаны үшін сот қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"27 мамырда азамат Мұрат Мұхамеджанов Ақтөбе қаласы Ахтанов көшесіндегі шекарашылар саябағында құрметсіздік танытып, Отанын қорғап қаза тапқан әскери қызметшілердің естелігін қорлап монументтен елтаңбаны жұлып алды. Бұнымен қоса ол осының бәрін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салған. Бұл монумент Отанды қорғаған барлық шекара жауынгерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдырып қана қоймай, мемлекеттік шекараның қасиеттілігі мен қол сұғылмаушылығының символына айналған ", – делінген хабарламада.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін учаскелік полиция инспекторлары Мұрат Мұхамеджановты қалалық полиция бөліміне жеткізіп, “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

"Арнайы күштердің қатысуымен ешқандай ұстау болған жоқ. Мұхамеджанов полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен жоқ. Ақтөбе қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Мұрат Мұхамеджанов 434-баптың 1-бөлігі бойынша 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлайды ПД.

Полиция Мұрат Мұхамеджановтың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы оның қоғамдық-саяси қызметіне байланысты емес екенін атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр