Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолияда дүниеге келген қазақ қызы әлемге әйгілі Tata Steel Chess Tournament турнирінде топ жарды

шахматФото:Tata Steel Chess

Моңғолияда тұратын қазақ қызы Жаннұр Көпжасар Нидерландыда өткен әлемге әйгілі Tata Steel Chess Tournament турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шахмат әлемінде "шахматтағы Уимблдон" деп аталып кеткен бұл додада ол  4E санатында 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинап, топ жарып шықты. Осы жеңіс Жаннұрдың халықаралық ФИДЕ титулына жақындауына және 50 рейтингтік ұпай жинауына мүмкіндік сыйлады.

Жаннұр бұған дейін де бірнеше ірі турнирде чемпион атанған. Ол 2024 жылы Нидерландының Wijk aan Zee қаласында өткен жарыста жеңіске жетсе, 2025 жылы Аустрияның Линц қаласында өткен халықаралық әуесқойлар турнирінде де үздіктер қатарынан көрінген.

Жаннұр Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген.

Айта кетейік, Tata Steel Chess Tournament  шахмат әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі. 1938 жылдан бері Нидерландының Вейк-ан-Зее қаласында өтетін турнирге әлемнің ең мықты гроссмейстерлері қатысады.

Бұл дода классикалық шахматтағы шеберлікті көрсетуге, рейтинг жинауға және жаңа таланттарды танытуға мүмкіндік береді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 14:08