Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолия депутаты 40 мың долларды өз қалтасынан бюджетке аударды

Моңғолия парламентінің депутаты елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты 40 мың долларды өз қалтасынан бюджетке аударды.

olloo_mn_1472618213_delgershn

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

Депутат Дэлгэр Сайхан «Ел үкіметі 2017-ші жылдың наурыз айында 580 млн доллар көлемінде кредитті өтемекші, бірақ, қазір елімізде экономикалық дағдарыс. Сондықтан мен басқа да әріптестерім мен жекеменшік компанияларды менің бастамамды қолдауға шақырамын» — деді. Қазіргі уақытта Моңғолияның 5 млрд доллар мемлекеттік қарызы бар. Мамандардың пайымынша, елде инвестиция үшін қолайлы жағдайлар жасалмағандықтан шет елдік бизнес нарыққа кірмей отыр. Дегенмен, Моңғолия премьер-министері экономиканы қалпына келтіру жоспарын жасақталғаны және инвестицияларды тарту бағдарламасы әзірленгені жайлы мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық суретші 20 жылдан бері қыста жалаңаяқ жүріп жұртты таңғалдырды

Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады

Талқылау