Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Молдова елінің кәсіпкері елімізден Қашаған кен орнын сатуды талап етуі мүмкін

Молдова кәсіпкері Анатол Стати өз шығындарының орнын толтыру үшін, елімізден Қашағанды сатуды талап етуі мүмкін. Қазір ол Голландия сотына Қашағанның  Самрұқ-Қазынадағы үлесін күштеп сатылымға шығару жөнінде арыз дайындап жатыр.

Стати мен оның компанияларының Қазақстан үкіметіне қарсы талап-арызына байланысты Ұлттық қорымыздың  22 миллиард доллары бұғатталып тұрғанын естеріңізге сала кетейік, – деп хабарлайды 31 арна.

Қазақстан мен Стати әулеті арасындағы текетірес бірнеше жылдан бері түрлі соттарда қаралып келген-ді. Еліміздің мұнай-газ саласына инвестиция құйып келген Молдова кәсіпкері мемлекетті рейдерлік шабуыл жасамақ болды деп айыптап, өз шығындарын 4 миллиард долларға теңеген. Қазақстан бұл айыптауларды мойындамағанмен, өткен жылдың соңында Амстердам соты Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард долларға тең активтерді бұғаттау туралы шешім шығарды. Бұл мемлекет жинағының 40 пайызы. Енді елімізге қарсы қасқайып тұрған Анатол Стати Қашаған мұнай-кен орнындағы Самұрық-Қазына үлесін сатып, ақшасын өндіруді көздеп отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасы және арызданушылар арасындағы арбитраждық істің қатысушысы болған емес. Арбитражды трибунал «Самұрық-Қазына» АҚ қатысты арызданушылардың пайдасына қандай да бір төлемдерді жүргізу туралы шешім шығарған жоқ. Шектеуге сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акциялары аталған қамтамасыз ету шарасының әрекет ету мерзімі ішінде сатылуы, берілуі немесе ауыртпалық салынуы мүмкін емес. Акцияларды өндіріп алуға жүгіну тек сот арбитраждық шешімді мойындау мен орындау туралы шешімді қабылдаған және мұндай шешімнің «Самұрық-Қазына» АҚ қатысты қолдануға жарамды деп санаған жағдайда немесе сот арызданушылардың «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей талабы бар деген өзге де шешім шығарса ғана ықтимал.

Қаржыгер Мұрат Темірханов мемлекеттің қаражатының бұғатталуын нонсенске балап отыр. Оның айтуынша, Статидің талап етіп отырған шығыны қазір 1 миллиард долларға түскен. Ендігі кезек Үкімет шешімінде, анығырақ айтсақ оның ұстанымында. Мемлекет бұл ақшаны өтеп, бұғатталған қаражатты қайтара алады немесе ұзақ уақыт бойы кәсіпкермен соттасып, акциялардың өтемақысы мен дивиденттерінен қағылады -дейді маман.

“Мен үшін мемлекет ақшасының бұғатталуы нонсенс. Әрине біз оны қайтара аламыз. Алайда бұл амалда бір гәп бар сияқты. Ресейлік басылымдар: «Сыртқы күштер Қазақстан қаражатын бұғаттауды жиілетті, бұл бізге салынар санкцияларға дайындық» -деп бағалап отыр”, – дейді «Halyk Finance» сарапшылық бөлімінің басшысы Мұрат Темірханов.

Сарапшылардың көпшілігі бұл бұғаттауды АҚШ-тың саяси ойыны ретінде бағалап отыр. Сондықтан, президенттің жақын күндердегі АҚШ-қа сапарынан үміт күтетіндер де көп.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда қытайлық үлесі бар компания 30 гектар жерді бүлдіріп қашып кеткен

Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады

Псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды

Талқылау