Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың ұлына қандай есім бергені белгілі болды

Әнші Мөлдір Әуелбекова 2016 жылдың 24 қарашасында алғаш рет ана атанып, ұлды болды. Алайда жолдасының өтінішімен әнші перзентханадан шығу рәсіміне БАҚ өкілдерін шақырмады. Сол сияқты ұлына қандай есім бергенін де жарияламады. Әншінің өнердегі құрбысы Меруерт Мүсірәлі бұл құпияны ашып қойды.

моля34

Оның айтуынша, Әуелбекованың тұңғышына Салтай деген есім берілген. Әнші қазақтың ғұрпы бойынша, алғашқы сәбиге күйеуінің туыстарының есім қойғанын айтып берді.

“Бірінші бала болғандықтан, әрине, есімді күйеуі жағынан қойды. Әзірге құттықтап бара алмадым. Себебі Мөлдірдің қазіргі анасы (енесі) шілдехана той жасайтынын, сол кезде барлығының басын қосатынын айтты. Десе де қырқынан шығарған соң қуанышына ортақсатып келейін деген жайым бар”, – дейді Меруерт Мүсірәлі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, әнші 30-ға келген құрбысының жеңіл босанғанын, бүгінгі таңда ананың да, баланың да денсаулық жағдайының жақсы екенін айтып өтті.

Жіберіп алмаңыз:

“Мисс Қазақстан” жүргізушісі тікелей эфир барысында Қостанай аруына жүрегін ұсынды (фото)

«Жігіттер» квартеті өз аналарын бейнебаяндарына түсірді (видео)

Күйеуім көзіме шөп салды. Ділназ Ахмадиева алғаш рет ажырасуы жайында айтып берді

КешYOU тобына «Айгөлекті» жүргізген Назым келуі мүмкін

 

Талқылау