Мөлдірдің туған жерге арнаған бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)
Жуырда ғана ана атанған Мөлдір Әуелбекова жаңа бейнебаян түсірді. Алайда оның “Туған ел” атты туындысы тыңдармандарының басым бөлігіне ұнамай қалды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншінің репертуарында туған жерге арналған әндер көп. Тек осы күнге дейін олардың бірде біріне бейнебаян түсірілмепті. Сол себепті Әуелбекова декреттік үзілістен кейінгі алғашқы туындысын Отанға арнаған.
Айта кетерлігі, жуырда ғана ана атанғанына қарамастан, Мөлдір әсерлі биімен көпшілікті таңғалдырды.
Десе де “Туған ел” клипіне сын тағушылар саны көбейген. Тыңдармандар туған жерге қатысты бейнебаянның аядай бөлменің ішінде түсірілгеніне қапалы.
“Ән және сөздері тамаша, бірақ клип онша емес. “Туған ел” болған соң ел туралы, қазақы нақышта болса күшті көрініс болушы еді”, “Асыға күткен едім. Бірақ киімдері де, клип те онша емес. Өлеңі керемет әрине”, “Болмайды мынау, 2000 жылдардағы клип сияқты”, “Әнің мен даусың керемет, бірақ клип онша емес, әннің мағынасы мен клип байланыспайды”, “Туған ел болған соң басқа жерде түсіруге болар еді төрт қабырғаға қамалмай”, – деп наразылық білдірді желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодарда Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған құндыз тон табылды
Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды
Тұңғышбай Жаманқұловтың ақшаны не нәрсеге құртқаны анықталды
Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты