Мөлдір Әуелбекова жас жігітпен бірге “Аллоға” ұқсас клип түсірді (видео)
Төреғали мен Еркенің дуэтінен кейін қазақ эстрадасында диалог түріндегі әндер көбейді. Кентал мен Санда, Қуандық пен Гаухар, Төреғали мен Фарида, Иса Әлимұса мен Фарида… Айта берсек, бұл тізімді бүгінгі материалға сыйдыра алмаспыз. Енді олардың қатарына Мөлдір Әуелбекова да қосылды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Шығармашылыққа білек сыбана кіріскен Мөлдір жас әнші Ержігіт Асанханмен бірге “Лүпіл” атты әнге бейнебаян түсірді. Көңілді ән әпкесі мен інісінің диалогынан құрылған. Онда бір қызға ессіз ғашық болып қалған жігіт әпкесінен ақыл сұрайды.
Бейнебаянның тұсауы отандық арналардың бірінде кесілді. Алайда әзірге оның толық нұсқасы желіге жүктелген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Әріптестері фонограммаға тыйым салуды ұсынған Мөлдірге қарсы шықты
Гүлзира Айдарбекова Төреғалидің тойында бидің түбін түсірді (видео)
Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты
“Қалаулым” қатысушылары Ислам: Шынармен азаматтық некеде тұрсам, анам мені ұрып өлтіреді
Талқылау