Мөлдір Әуелбекова қыз ұзататын әншілер қатарына қосылды (видео)
Әнші атаулының негізгі табыс көзі – той. Мұны әртістердің өздері де мойындайды. Нарық заманында нәпақасын салтанатты жиындардан табатын әншілер қауымы тойдың өзін жік-жікке бөліп алған. Ұзату, үйлену тойларына қатысатын әртістер бір бөлек болса, өзге салтанаттарда елдің көңілін көтеріп, билететін әншілер бір бөлек.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сыңсу айтып, алғаш болып “Ақ келін”, “Келінге өсиет” сынды әндерімен қыз ұзата бастаған Гаухар Әлімбекова қазір ел көзінен тасада жүр. Десе де оның әуезді әндерін халық ұмытқан емес. Ал кейінгі кездері сырлы да мағыналы әндерімен елді баурап жүрген Жазира Байырбекова ұзату тойының нағыз “ханшайымына” айналған десек, ешкім ренжімес.
Сол сияқты Қарақат Әбілдина, Салтанат Бақаева, Мәдина Сәдуақасовалар бір-бір әннен жаздырып, қыз ұзататын әншілер қатарына қосылып алды. Енді олардың тізімін әнші Мөлдір Әуелбекова толықтырды.
Жуырда Мөлдір “Сыңсу” атты әнімен қыз ұзату тойына қатысып, Динара есімді аруды шығарып салды.
Ал желідегілердің басым бөлігі Мөлдірдің өнеріне тағы да бір рет тәнті болғандарын жеткізді. Араларында “Мөлдір мұны табыс табу үшін ғана жасап отыр” деп сынағандар да табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Шаһизада жалғыз келінінің туған күнін білмей ұятқа қалды
Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты
Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым