Мөлдір Әуелбекова апатқа ұшырағанын айтты
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жол апатына түскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/moldir.auyelbekova
Өнер иесі жолаушылардан жолға шыққанда сақ болуын сұрады.
“Бүгін жол апатына ұшырадық. Соған қарамастан, жұмыста күлімсіреп жүруге тура келеді. Аллаға шүкір, бәріміз аманбыз. Жолда абай болайық, құрметтілерім", – деп жазды әнші.
Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін жолықтырса, сәукеле киіп, ұзатылатынын айтқан болатын.
Талқылау