Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модульдық аурухананың қаржысына қатысты қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін

Алматыдағы модульдық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтарды талан-таражға салды дегендерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

модуль

"Бұл қылмыстық іс жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит негізінде тіркелді. Тергеу барысында құрылысқа кеткен шығынды нақты анықтау үшін түскен актілер міндетті түрде тексеріледі. Нақты сомманы және ақшаның желінген-желінбегенін анықтау тиісті сараптама тағайындалады. Көп жағдайда алдын ала анықталған шығын расталмайды. Кейде іс қысқартылады" - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Апта басында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін модульдық аурухананың құрылысына бөлінген қаржының қолды болғанын мәлімдеген еді.

280 орындық ғимараттың құрылысына 5 миллиард 900 миллион теңге бөлініпті. Алайда соның тек 2 миллиарды ғана жұмсалып, қалған 4 миллардтай қаражат талан-таражға түсті делінген. Аталмыш іс бойынша жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев күдікке ілінген болатын. Кейін жауапты агенттік бұл мәлімдемені жоққа шығарып, нақты кімнің ұсталғанын айтқан жоқ.

Талқылау