Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель фотода целлюлитін көрсетіп, кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды

Британиялық модель мен теледидар жұлдызы өз денесінің суретін өңдеусіз көрсетті, желі қолданушыларын кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Джорджи Кларк Instagram парақшасында коллаж жариялап, іш киімдегі денесін әр қырынан көрсетті. Сол жақтағы кадрда ол камераға қарап, иықтарын түзетіп, бөкселерін қолдарымен ұстайды. Мұндай поза танымал адамның сымбатты көрінуіне мүмкіндік береді.

Екінші фотода Кларк жамбасы мен бөкселеріндегі целлюлитті көрсету үшін артқа бұрылады. Ол жазбасында әлеуметтік желілердегі алдамшы суреттер көптеген адамдардың өзін-өзі бағалауына теріс әсер ететінін атап өтті.

"Әркім өзінің ең жақсы фотосуреттерін жариялайды - бұл қалыпты жағдай, алайда осы кадрларға қарап біз шындықты ұмытып кетеміз. Егер блогерлер дененің созылу белгілерін, целлюлит пен тыртықтарды көрсетпесе, бұл олардың жоқ екенін білдірмейді", — деп жазды модель.

"Неге бізге сұлулық стандарттарын ұмытпасқа? Нағыз адам денесін қалыпқа келтірейік", - деп қосты ол.

Теледидар жұлдызының жанкүйерлері оның бұл әрекетіне риза болып, алғысын білдірді.

"Рақмет саған!", "Мен сені сүйемін!", "Сен тамашасың!", "Сен мені нағыз әйел сезінуге итермелейсің! Саған рақмет айтқым келеді. Керемет адамсың, және  бізге қаншалықты әдемі екенімізді еске түсіргеніңді өте жоғары бағалаймын", "Мұндай фотосуреттерді жариялағаныңыз үшін рақмет, бұл маған көп көмектеседі", — дейді қолданушылар.

 

Талқылау