Соңғы жаңалықтар

Модель Динагүл Тасова: Ең сұлу деп танылған украиналық қыздар әдемі дегенге келіспеймін

Әлемдегі сұлу қыз-келіншектер қай елде тұрады? «Big Seven Travel» туристер сервисі жер бетіндегі ең тартымды халықтардың рейтингісін жариялады. Бірақ, бұл тізімде біздің қаракөздер жоқ.

Модель Динагүл Тасова: Ең сұлу деп танылған украиналық қыздар әдемі дегенге келіспеймін

Ұлтымыздың сұлуларын жалпақ жұртқа, жарты әлемге жариялау арқылы туристерді шақыруға болады деген бастамалар елімізде ара-тұра көтеріледі. Мұндай ұранға еріп, қазақ жеріне қандай саяхатшылар келуі мүмкін? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтып-айтпай не керек, зерттеу мен рейтингтің де түр-түрі болады екен. Туристік сервистің қорытындысы бойынша:
Әлемде ең сұлу әрі сымбатты қыздар Украинада тұрады екен. Олардан кейінгі орында филиппиндік бойжеткендер мен Данияның сылқымдары жайғасқан. Ал үздік бестікті австралиялық сұлулар мен Оңтүстік Африканың арулары түйіндеген.

Модель атанып, бірқатар халықаралық байқауларға қатысып жүрген Динагүл Тасова бұл рейтингке енген мемлекеттердің қыздарымен бір кісідей таныс. Конкурстарда көрген. Оларды «әкетіп бара жатқан әдемі дей алмаймын» дейді.  

«Украинаның қыздары сұлу дегенге келіспеймін. Филиппин енді жарайды, ол жақта косметология  тұрғысынан дамыған. Ол жақта трансплантология көп жасалады. Дене бітіміне көп енгізіледі пластика. Соның арқасында деп ойлаймын. Ал біздің қазақтың қыздары табиғи сұлу. Бірақ, біз оны көрсете алмаймыз. Неге? Өйткені, барлығы сұлу. Біз үшін ол қалыпты нәрсе сияқты. Күнде көріп жүрген соң көз де үйренген», - дейді модель.

Сұлу қыздарды жарнамалап турист тартудың екінші жағы бар. Мен қазір сол жайында айтайын.

Филиппин елінің Анхелес деген қаласытурасын айтқанда жезөкшелер жайлаған шаһар. «Филиппиннің қыздары үріп ауызға салғандай!» дегенді естігендер әлемнің түкпір-түкпірінен сонда келуді әдетке айналдырған. Көшеде асыр салып жүрген балалардың дені өз әкелерінің кім екенін білмейді. Себебі, олар "ашыналардан" қалған бір белгі сыңайлы.

73 миллион 200 мың теңге. Бұл биылғы жылдың наурыз айында өткен «Қазақстан аруы» байқауын өткізуге жұмсалған қаражат. Аз ба, көп пе? Мәдениет және спорт вице-министрі сұлулық байқауының туризмге тікелей қатысы бар деген болатын. Тіпті, шетелдік азаматтар "қазақтың хас сұлуларын көріп, таңдай қаққанында тұрған не бар?" деп жауап берген еді. 

«Біз туристік бизнесті зерттей келе, бұл байқаудың осы салаға тікелей қатысы бар екенін анықтадық. Осылайша, бүгінде қытайлық және үнділік туристер осы байқауды асыға күтетіне көз жеткіздік.  Себебі, олардың көбісі осы арулар сайысын ғаламтор және теледидар арқылы тамашалайды екен. Келіп көргісі келетіндері де көп. Өткен жылы өткен "Қазақстан аруында" Қытай мен Үндістаннан 400 адам келген. Қазақ қыздарының сұлулығымен шетелдіктердің тамсануын дұрыс деп есептеймін", - дейді Ерлан Қожағапанов. 

Әрине, Филиппиндегі жағдай біздің елде қайталанады деуге келмес. Бірақ мұндай қауіптің барын айта кеткен жөн. Қыздарымыздың әдемі екенін өзіміз білеміз. Өзгелерге айтудың қажеті бар ма?

«Бірақ та ойлаймын керек деп ойлаймын бір жағынан. Біздің қазақтың қыздары сұлу болып келетінін неге жарияламасқа оны?».

 «Жариялаудың қажет жоқ. Ертеден келе жатқан ұстаным бар «қызға қырық үйден тыйым, есік алдындағы күңнен тыйым» деген. Керек десеңіз  ата-бабаларымыз бесікте атастыру дәстүрін жасаған. Ұстанып қалу керек, жариялаудың қажеті жоқ».

«Мен ойлаймын, қажеттілігі жоқ шығар. Өйткені, бізге жан-жақтан келіп жатқан туристер бар ғой.  Біздің қазақ халқының киімі, өзінің жүрісі бір жағынан тәрбиеге қарағанда да», - деді көпшілік. 

Әңгімесін «алып – анадан туады» деп бастаған Бауыржан Әкімәлі қыздарымызды шетелге жарнамалаудан, рейтингтер мен сауалнамаларға ілігуінен келіп кетер ештеңе жоғын айтады. Керісінше бұл мәселеге «қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» деп қараған жөн дегенді мысалға келтірді.  

«Ер азаматтың жанындағы өзінің жарына қарап ғажаптанып, соның сұлулығымен мақтану жігітке сын және намыссыздықтың белгісі болып табылады. Сондықтан қазақ қыздарының сұлулығын жарнамалау біздің менталитетімізде жоқ дүние. Айтып жатамыз ғой «қыз өссе -  елдің көркі» деп. Десек те, қазақтың қызы - қазақ халқының абыройы деп қабылдауымыз керек», - деді қоғам белсендісі Бауыржан Әкімәлі. 

Біздің қыздар әлемдік рейтингте сұлулардың ондығына кірмесе де, қазақтың аймаңдайлыларына көз салып, қала берді сөз салатындардың саны жыл санап артып келеді. Бұл жайында қоғамда пікірталас көп. Осыған қарап-ақ, «бізге айдай әлемге жар салып сылқымдарымызды жарнамалау қажет пе?» деген ойға қаласың.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр