Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мобильді қызметтер қолжетімсіз: Kaspi.kz қосымшасындағы ақау қазақстандықтарды шошытты

Kaspi.kz қосымшасында ақау шығып, қазақстандықтар мобильді қызметтерді жүзеге асыра алмай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kaspi.kz

Әлеуметтік желіде Kaspi клиенттері мобильді төлемдер мен ақша аударуда қиындықтар туындағаны туралы жарыса жазды. Ақау болған 20 минуттың ішінде мобильді қосымшаның қолданушылары абдырап қалған. Желіде банк аударымдар бойынша тексеріс жүргізіп, артық аударым алған кәсіпкерлерді анықтап жатыр деген ақпарат тарады.

Компания техникалық ақау орын алғанын айтып, клиенттерінен кешірім сұраған.

"Қысқа мерзімді техникалық ақаулар орын алды, соның салдарынан кейбір пайдаланушылар қызметтерімізге қол жеткізе алмады. Клиенттерімізден қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – делінген компания таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен кездесуде 2024 жылы салық органдары жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын қадағаламайтынын айтқан еді. 

Талқылау