Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миына ота жасалынып жатқан ер адам тоқтамастан дауыстап дұға оқыды

Үндістан тұрғынының миынан қатерлі ісік анықталған. Ол миына  ота жасалып жатқан кезде тоқтамастан дауыстап дұға оқыды.

Миына ота жасалынып жатқан ер адам тоқтамастан дауыстап дұға оқыды

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Хоулсмал Джангир миына ота жасатудан бас тартқан. Себебі сөйлей алмай қаламын ба деп қорқыпты. Сондықтан дәрігерлер оған есін біліп жатқан күйінде ота жасауға келіседі.

Пациент ота аяқталғанға дейін Хануман-чалис дұғасын оқыған. Бұл дұға ерлік таныту керек болған сәтте оқылады екен.

Джангирдің жағдайында қатерлі ісік оның миының сөйлеу қабілетін жауап беретін бөлігінде болған екен. Сондықтан дәрігерлердің ота кезінде жіберген кішігірім қателігінің өзі оның сөйлеу қабілетінен айырылуына алып келуі мүмкін еді. Нәтижесінде ота сәтті өтті. Пациент 72 сағаттан кейін үйіне жіберілді.


Ауырған кезде оқылатын ең жақсы дұға қандай?

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Қаңтар, 2019 12:35
Талқылау