Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кеншілердің өліміне шенеуніктеріңіз кінәлі”: Желіде Лакшми Митталдың "сұхбаты" тарады

Әлеуметтік желіде Arcelor Mittal компаниясының иесі Лакшми Митталдың Костенко шахтасындағы апатқа қатысты берген “сұхбаты” тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: skif-m.org/Лакшми Миттал

Әлеуметтік желілерде “Митталдың ашық әңгімесі” деген тақырыппен тараған ақпараттарда ешқандай дереккөзге сілтеме берілмеген, тек журналист пен кәсіпкер арасындағы сұхбаттан үзінді жарияланған. 

Сұхбатта Лакшми Миттал әлемнің көптеген елінде кәсіпорындарының бар екенін және компанияның барлық шахталары жаңа технологиялармен жабдықталғанын айтады. Журналистің “Қарағандыда неліктен жағдай нашар?” деген сұрағына Лакшми Миттал “Барлық мәселе шенеуніктеріңізде. Жаңғыртуға, еңбекақыға, экологиялық мәселелерді шешуге мен бөлген қаражатты олар өз қалталарына салып отырған. Кеншілер өз отандастарыңыздың ашкөздігінен қаза тапты”, – делінген жалған сұхбатта. 

Фото: әлеуметтік желіден

Арселор Миттал Теміртау компаниясы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

"Митталдың ашық әңгімесі" деп аталған хабарлама шындыққа жанаспайды", – делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында.

Талқылау