Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Митингіге шықтым": Айнұр Ілиясова алаңда жылағаны туралы

Белгілі актриса Айнұр Ілиясова алаңда жылағаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап.

Митингке шықтым: Айнұр Ілиясова алаңда жылағаны туралыКөптеген отандық фильмдердің көркін кіргізіп, өзінің ерекше талантымен танылған актрисаның алаңға халықпен бірге шығуы көпшілікті таңқалдырған. Жұрт актрисаның бұл әрекетінің астарында оппозициялық топтар бар деп түсінген. Алайда, Айнұр Ілиясованың өзі бұл деректерді жоққа шығарды. Актриса не үшін митингіге шыққанын айтып берді. 

"Сол кезде қиыншылық көп болып кетті. Менде бір ыза пайда болды. Доллар 180-нен 300-дің үстіне шығып кетті. Мүмкін көп нәрсені түсінбеген шығармын. Бірақ, мен минтингіге жалғыз бардым, ешкім шақырған жоқ. Желіден көріп, ілесіп кеттім. Сол кезде көрген нәрсем көз алдымнан кетпейді. Адамдарды көліктерге алып хайуандарды салған сияқты итере бастады", - дейді Айнұр Ілиясова.  

Алаңдағы жағдайды көріп қынжылған Айнұр Ілиясова сол жерде тұрып көзіне жас алған. Алайда, халық өнер иесін тағы да дұрыс түсінбепті. Актриса митингтің өте қауіпті дүние екенін айтады. Адам сол атмосферадан көтеріліс жасауға боларлық күш ала алады дейді ол.

"Менің мемлекетім, мен еңбек етіп жүрген, сүйетін халқым осы ма деп ойладым да, жыладым. Бұл тапсырыс емес. Маған кім ақша төлейді. Оппозицияның бетпердесі болып шыға келдім. Мен өзімнің пікірімді білдіріп, минтингтің не нәрсе екенін көру үшін бардым. Шынайы жүрген адамдар да, ақша үшін шыққандар да болды. Митинг деген өте қорқынышты нәрсе екенін түсіндім", - дейді Айнұр Ілиясова. 

Талқылау