Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мисс Алматы – 2016” байқауында 18 жастағы бойжеткен жеңіске жетті (фото)

9 қазан Алматы халқы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияға жиылып, қаланың ең әдемі аруын анықтады. Бас жүлде Кәмила Әсилова есімді бойжеткенге бұйырды.

0

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Бүгін, 9 қазан күні Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда “Мисс Алматы – 2016” байқауы өтті. Аталған байқауда 20 бойжеткен бақ сынады. Олар екі ай бойы байқау аясында түрлі би билеп, ән айтуды, сахнада еркін қозғалуды үйренген. Байқауда Совет Сейітов, Луина, Нұртас Адамбай, Жан Байжанбаев, Фархад Әбдірайымов, Әбдүлкәрім Кәрімов сынды танымал тұлғалар төрелік етті. Мұнымен қатар, әділқазы мүшелерінің құрамында “Мисс Алматы – 2015” байқауының жеңімпазы Регина Вальтер де болды. Оған жеңімпаздың есімін атау мүмкіндігі бұйырды.

“Бүгін осы шараға келіп, атсалысып жатқандарыңыз үшін көп рахмет. Барлық қызбен жан-жақты жұмыс істеп жатқанымызға 2 айдан асты. Уақыттың қалайша зымырап өте шыққанын байқамай қалдық. Бүгін – финал. Әділқазы мүшелерімен, сіздермен қатар отырып Алматымыздың ең әдемі аруын таңдаймыз деген ойдамын”, – дейді Жастар саясаты дамыту Мемлекеттік қорының директоры Совет Сейітов.

Нұртас Адамбай жұртты қайта-қайта өз фильмінің тұсаукесеріне шақырды. Режиссердің бұл сөзін Жан Байжанбаев пен Фархад Әбдірайымов та қайталап, жұртты күлкіге қарық қылды.

3E0A0671

“Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Уақытты көңілді өткізулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Ал сұлу бойжеткендерге сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға рахмет”, – дейді Луина.

Алғашында бойжеткендер шетелдік әнге би биледі. Келесі айналымда өздерін таныстырды. Үшінші айналымда Черлидер биін билеп, бұдан кейін кешкілік көйлектерді таныстырды. Байқау соңында әділқазы алқалары жабық кеңес өткізіп, жеңімпаздарды анықтады. Әділқазы алқаларының пікірлері бір арнаға тоқыспағандықтан, араларында түсініспеушілік те болған екен.

3E0A0656

3E0A0641

Байқау арасында Луина, Әбдүлкәрім Кәрімов сынды әншілер мен Mezzo, JS топтары өнер көрсетті. Жастар саясаты дамыту Мемлекеттік қоры барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар ұсынды. Байқаудың басты жеңімпазының есімін Регина Вальтердің өзі атады.

“Қазір қыздардың қалай қиналып тұрғанын жақсы білемін. Бұл менің де басымнан өтті. Олардың әрқайсысы іштей “Мисс Алматы – 2016” атағы кімге бұйырар екен деген оймен тұр. Олай болса, көп созбайық. Бір қызығы, бүгінгі жеңімпаздыкі мен менің былтырғы реттік нөмірім бірдей болып шықты. Жаңа байқап қалдым”, – дейді Регина Вальтер.

3E0A0684

“Қазақ аруы” аталымы – Айжан Сайранбековаға, “Мисс конгениональность” аталымы – Әдемі Алмасқа,  “Мисс SuperStar” – Әдемі Нұрғалиге, “Мiss people’s choice” – Валентина Черкашинаға, 3-ші вице мисс аталымы – Әдемі Алмасқа, 2-ші вице мисс – Лаура Исмайылова, 1-ші вице мисс аталымы – Айдана Әлиеваға бұйырды. Ал жеңімпаз Кәмила Әсилова есімді бойжеткен болды.


Жіберіп алмаңыз:

Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

Әлмира Ахатова: Кітап оқымайтын қыз “Қазақ аруы” атануға лайық емес

«Қазақ аруы-2016»: Бақыт деген – өзің алаңдайтын адамның болуы (фото)

Талқылау