AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер COVID-19 вирусымен ауырған науқастардың есте сақтау кабілеті нашарлайтынын айтты

Каир университетінің неврология профессоры Амру Хасан Аль Арабия-ға берген сұхбатында коронавирус жұқтырғандар арасында жиі кездесетін симптом туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ИноСМИ-ға сілтеме жасап.

COVID-19 вирусымен ауырған адамдарда "ми тұманы" деп аталатын симптом көптеп кездесетін болып шықты. Және бұл дерт арнайы дәрілік препараттармен емделмейді. 

Невропатологтың айтуынша, "ми тұманы" – постковидтік кезеңнен кейінгі синдромның бір көрінісі. Ал оның салдары өте үлкен болуы да ықтимал. Бұл симптомы бар адам көңіл аудару мүмкіндігі мен ақпараттарды есте сақтау қиындығына ұшырайды. Көбінесе көріністер қалпына келгеннен кейін бірнеше ай бойы сақталады.

Аталған симптом көбінесе егде жастағы адамдарда және созылмалы аурулары бар жандарда көрінеді. "Ми тұманы" көптеген аурулардың көрінісі болуы мүмкін, бірақ оның қазіргі уақытта әлемде таралуы COVID-19-дан кейінгі оңалту кезеңімен байланысты болып тұр.

Неврология профессорының айтуынша, бұл симптомы бар науқастар үшін арнайы дәрі-дәрмектер жоқ. Сарапшылар белсенді әлеуметтік өмір сүруге және тамақтануға ерекше назар аударып, әдеттегі ритмге оралуға кеңес береді. Көкөністер мен жаңғақтар сияқты есте сақтауды жақсартатын тағамдарды жеп, интеллектуалды ойындарды ойнап және стресстен аулақ болуды ұсынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр