Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысыр қазақстандықтардың Газа секторынан шығуына кедергі келтірді деп айыпталуда

Палестина-израиль қақтығысының шиеленісуі көптеген бейбіт тұрғындардың, соның ішінде қазақстандықтардың Газа секторынан шыға алмай қалуына әкелді.  Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симон Гальперин мұның немен байланысты екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Wikimedia

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі Газа секторында жүрген қазақстандықтардың тізімін алған.  Сондай-ақ Гальперин Израильдің Газа секторынан адамдардың шығуына "ешқандай қарсылығы жоқ" екенін жеткізді.

“Мәселе мынада, Газадан шығудың жалғыз жолы Мысыр арқылы. Олар үш апта бойы шетелдіктердің Газа секторынан шығуына рұқсат бермеді. Екінші мәселе – 500-600 адамнан аспайтын жол жүру шектеулері", - деді ол.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі атап өткендей, Газада мыңға жуық шетелдік бар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа секторында 76 қазақстандық, яғни отбасы мүшелерімен бірге 161 адам бар екенін айтқан болатын. 

Талқылау