Мысықты өлтірген ерлі-зайыпты 3 жылға сотталды
Ресейде Северодвинск қалалық соты ер адамды жалпы тәртіптегі колонияда 3,5 жылға, әйелін 3,2 жылға түрмеде ұстау жазасына кесті.
Ерлі-зайыптылар анасының мысығын азаптап өлтірген. Ерлі-зайыптылардың екі ай бойы ерекше қатыгездікпен әртүрлі заттарды пайдаланып, мысықты азапқа салғаны айтылады. Олар мысықтың азапталуын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Бұл жазба Архангельск облысы мен басқа да аймақтардың көптеген тұрғындарының наразылығын тудырды. Желіде адамдар мысықтың өліміне кінәлілерді заң шеңберінде жазалауды сұрады. Айтпақшы, ер адам жануарларды қорлағаны үшін ғана емес, банк картасын ұрлағаны үшін де сотталды. Сараптама нәтижесінде сотталғанның психикалық денсаулығы жақсы, ал оның жұбайы алкогольге тәуелді және осыған байланысты психикалық ауытқушылықпен ауыратыны анықталды.
Оның қожайынының көңілін қалдыру үшін мысықты азаптағаны анықталды. Бұл ретте әйел өз ісіне өкінген жоқ. Әйел анасынан кешірім сұрап, моральдық шығын үшін 5000 рубль (28 000 теңгеден астам) өтемақы төлеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өлген мысықты балконға асып қойған атыраулық әйелдің әрекеті жұртты шошытты

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
