Мирас пен Құралай: Бізге 42500 теңге жәрдемақы берілмейді

42 500 теңгеге жұлдыздар ұсыныс тастады ма? Олар той жоқ кезде не істеп жүр? Осы сұрақтың жауабын көпбалалы жұлдызды жұп Мирас пен Құралайдан Stan.kz ақпарат агенттгінің тілшісі сұрап білді. 

Құралай ханым, карантин кезінде шығармашылық толықтай тоқтады ма?

Карантин кезінде мүмкіндігінше  үйден  шықпай жүрміз. Бірақ,  өмір тоқтап қалмады. Үйде жүріп Мирас екеуміз әндердің сөздерін жаттап, шығармашылығымызға тың идеялар ойластырып жүрміз.  Бастысы, осы індеттен аман-есен құтылсақ қалғанын уақытында көреміз деп сенемін.

Көпбалалы ана ретінде онлайн сабаққа қаншалықты тез үйрендіңіз?

Үш қыз, бір ұлым бар.Үлкен екі қызым мен ұлым мектепте оқушы. Тұңғышым оныншы сыныпта оқиды. Сондықтан, маған аса қиындық сезілмеді. Өздері бір-біріне көмектесіп оқып жүр. Әрине, ана болғасын мүлдем қарамай кетуге болмайды. Мен де арасында барып тексеріп, білгенімді үйретіп кетемін.

Сіздің балаларыңыздың санасы қашықтықтан оқуға қаншалықты дайын?

Балалар мектепте ұстаздың алдында сабақ алып үйреніп қалған. Меніңше, партада отырып білім алғанға ештеңе жетпейді. Онлайн сабақ баламның білімі үшін тиімсіз сияқты. Әрине, енді мұндай жағдайда тығырықтан шығудың жолы дұрыс деп ойлаймын. Әйтпесе, балалар не істерін білмей шатасып кететін шығар.

Карантин кезінде әріптестеріңіз әртүрлі онлайн курстар өткізіп, психолог болып жүр. Сіздерде мұндай жоспар бар ма?

Жоқ, ондай жоспарым жоқ. Біз-әншіміз. Осы өз саламызда еңбек етіп жүре берейік.Әркім өз жұмысын істеген дұрыс.

Айтпақшы, бір кездері тігін салонын ашқан едіңіз. Қазіргі жағдайы мен деңгейі қандай?

Әр маман өз ісін білгені дұрыс екен. Ол кәсібімізді жаптық. Себебі, мен ойлағандай оңай емес.

Яғни, сізде ресми табыс көзі жоқ. Ендеше, 42 500 теңгені алуға құқықтарыңыз бар. Ұсыныс тастадыңыздар ма?

42500 теңге бізге берілмейді.Себебі, Мирас екеуміз мемлекеттік қызметтеміз. Айлығымыз бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр