Мирас пен Құралайдың төртінші перзенті дүниеге келді
Өнерімен елге өнеге көрсетіп жүрген жұлдызды жұптың отбасы тағы да бір перзентпен толықты. Өнерлі отбасының үшінші қызы Тұңғыш президент күні яғни 1 желтоқсанда дүниеге келген.
Араға бірнеше жыл салып, ата-анасын күттіріп дүниеге келген қыз баланың есімін Айсұлу деп қойыпты.Мирас Бекжанов отбасындағы қуанышымен желідегі парақшасында бөліскен.
«Сүйінші! Біздің үйде қуаныш! Құралайым бүгін төртінші сәбиді дүниеге әкелді. Төрт баланың ата-анасы болып жатырмыз»,-деп жазады отағасы.
Мирас пен Құралайдың өнердегі достары да сәбиді анасымен перзентханадан шығарып алуға барған.
«Мен сияқты бала күткен келіншектерге жұғысты болсын»,- деп жазады әнші Жазира Байырбекова
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты

