Минус 33 градусқа дейінгі аяз болады: Синоптиктер Қазақстанда ауа райы суып кететіндігін айтты
Қазгидромет Қазақстанда алдағы уақытта қандай ауа райы күтілетіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер Қазақстанның кейбір аймағында ауа райы күрт суып кететіндігін жеткізді.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында – жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады. Ал фронттардың артынан ығысатын кең алқапты антициклон республиканың солтүстік және батыс облыстарындағы суытудың себебі болды. Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады. Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді. Бірақ осы жылғы өте белсенді Атлантикалық циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - деді ауа райын болжаушылар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
