Минус 2 градусқа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы үш күнгі ауа райына болжам жасады
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді деп болжанып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймағынан келетін циклонмен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста нөсер жауын күтілуде.
"Кезең соңында елдің батысына солтүстік-батыс антициклоны тарайды. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда. 24 мамырда түнде және таңертең орталық пен шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", – делінген хабарламада.
Маусым мен шілде айларында ыстық болады: Жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”